13.07.2018, 14:40 6948

Алматыда "Ұлы дала қырандары" республикалық турнирі өтті

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтыныӊ базасында әскерге дейінгі жастар арасында әскери қоян-қолтық ұрыс сайысынан Ауған соғысыныӊ қаһарманы қара майор Керімбаев Борис Төкенұлыныӊ жүлдесі үшін "Ұлы дала қырандары" атты Республикалық турнир өтті.

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today- Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтыныӊ базасында әскерге дейінгі жастар арасында әскери қоян-қолтық ұрыс сайысынан Ауған соғысыныӊ қаһарманы қара майор Керімбаев Борис Төкенұлыныӊ жүлдесі үшін "Ұлы дала қырандары" атты Республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вечерний Алматы" газетіне сілтеме жасап.

Турнирдіӊ ашылу салтанатына Керімбаев Борис Төкенұлы, Қазақстан Республикасыныӊ Мәжіліс депутаты Бахытбек Смағұл, Кеӊес Одағыныӊ Батыры Николай Иванович Кремениш, Қазақстан Республикасыныныӊ және облыстық Ауған соғысыныӊ ардагерлер төрағалыры қатысты.

Аталған іс-шара өскелеӊ жас ұрпақты тәрбиелеуге, отансүйгіштікке баулыуға, әскери қызметтіӊ имиджін көтеруге және де әскери спортты дәріптеуге негізделген.

"Өткізіліп жатқан Республикалық турнир еліміздіӊ барлық өӊірлерінде Ауған соғысыныӊ ардагерлері жәнеде жергілікті әскери мекемелердіӊ қолдауымен өткізіліп келеді. Бұған дейінде Ұлы отан соғысыныӊ батырлары Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Илия Молдағұлова, Николай Иванович Кремениш атында Республикалық турнирлер өткіздік дей келе аталған сайыстыӊ басты мақсаты, Ел Ордамыздыӊ 20 жылдық қарсаӊында батыр бабаларымыздыӊ өмірлік ізбасарларын дайындау, жас буын азаматтарымызға өмірлік тәжірбиелерді үйретіп отансүйгіштікке, достыққа, туыстыққа еліміздіӊ ұстанымына, бірлігіне, татулығына шақыру және де әскери қоян-қолтық ұрысын негізге ала отыра болашақ қайсар әрі жігерлі Отан қорғаушыларды дайындау болып табылады",- деді Мәжіліс депутаты Бахытбек Смағұл.

Сайысқа еліміздіӊ барлық өӊірлерінен "Намыс", "Профи ФАЙТ", "Қаракерей", "Патриот", "Жас Ұлан", "Барыс", "Ақтөбе", "Бауыр-Д" клубтары 50,55,60,65,70,65+ салмақтарында бақтарын сынап, 50 кг салмақта I орынды "Патриот" клубыныӊ Құдайберген А.Е., 55 келі салмақта "Патриот" клубыныӊ Есимханов М.Б., 60 келі салмақта "Барыс" клубыныӊ Ербатыр Р.Н., 65 келі салмақта "Барыс" клубыныӊ Салаватов Б.Е., 65+ келі салмағында "Патриот" клубыныӊ Омарбеков А.С., 70 келі салмақта "Жас ұлан" клубыныӊ Дөрменбаев И.Д. жеӊіп алды. Сайыс соӊында жеӊімпаздар кубоктар, медальдар, мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны