20.06.2017, 23:02 9260

Алматыда "Ұлы дала рухы - Дух великой степи" атты II халықаралық этномәдени фестиваль өтеді

Алматыда "ЭКСПО - 2017" көрмесі аясында Алатау етегінде 24-25 маусым аралығында "Ұлы дала рухы - Дух великой степи" атты II халықаралық этномәдени фестиваль өтеді, оған Қазақстанныӊ, Изербайжан мен Болгарияныӊ, Венгрияныӊ, Қырғызстанныӊ, Өзбекстанныӊ, Ресейдіӊ, Словакияныӊ, АҚШ-тыӊ Түркияныӊ өкілдері қатысады.

Алматы. 20 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда "ЭКСПО - 2017" көрмесі аясында Алатау етегінде 24-25 маусым аралығында "Ұлы дала рухы - Дух великой степи" атты II халықаралық этномәдени фестиваль өтеді, оған Қазақстанныӊ, Изербайжан мен Болгарияныӊ, Венгрияныӊ, Қырғызстанныӊ, Өзбекстанныӊ, Ресейдіӊ, Словакияныӊ, АҚШ-тыӊ Түркияныӊ өкілдері қатысады.

Фестиваль бағдарламасы бойынша кәсіби садақшылар, көкпаршылар, бүркітшілер сайысқа түседі. Келген қонақтар батырлардыӊ күресін, ат үстіндегі батырлар сайысын, ат үстінде белдесудіӊ түрлерін тамашалайтын болады.

Шара барысында қонақтарға көӊіл көтеретін бағдарламалар, қолөнершілер ауылында шеберлік сыныптары ұсынылады, көрермендер арасында музыка аспаптарында ойнау бойынша байқау ұйымдастырылады. Мұнда келгендердіӊ барлығы қазақ халқыныӊ тарихи дәстүрлерімен, әдет- ғұрыптарымен танысып, ұлттық ойындарға қатыса алады.

Фестиваль қонақтары үшін 24 және 25 маусымда Орталық стадион мен "Астана" алаӊынан сағат 9:00 дан 22:00-ге дейін (әрбір 30 минут сайын) арнайы автобустар ұйымдастырылады. Бір бағыттағы билет құны - 100 тенге. Фестивальға кіру тегін.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 24-25 маусымда Алматы қаласындағы "Боралдай" археологиялық паркінде "Ұлы дала рухы-2017" Халықаралық этнофестивалі өтеді. Фестивальға әлемніӊ 10 елінен өкілдер қатысады. Басты мақсаты - қазақстандықтар мен шет елдік қонақтарға көшпенділер мәдениетін, қазақтыӊ ежелгі тарихы мен салт-дәстүрін көрсету.

Бағдарламаныӊ ауқымы кеӊ. Екі күнге созылатын фестиваль уақытты кері айналдырып, өткен тарихқа саяхат жасатады.

"Ұлы дала рухы-2017" екінші халықаралық фестивальда он екі қанатты ақшаӊқан 60 үй қаз-қатар тігіледі.

Фестиваль шеӊберінде Көшпенділер шеруі, 10 мемлекеттен келген ат құлағында ойнайтын шабандоздардыӊ сан түрлі өнері, Еӊ үздік этномузыканттар, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, асауға тұсау салу, Қол өнерші мен шеберлердіӊ , ұсталардыӊ өнері, Балалар алаӊы, Алтыбақан, Күй тартыс, Қыран құс, Құмай-тазы т.б .ұлттық құндылықтар мен ата-баба мұрасы, Түнгі алау басындағы ойындар мен музыка өтеді.

Сондай-ақ,көрермендер арасынан "Еӊ әдемі ұлттық киім" таӊдалып, түрлі ұлттық ойындар ойналып, сан-алуан сайыстар ұйымдастырылады.

Тақырыпқа байланысты секторлар жұмыс істейді. Мәселен, "Алмалы" атты қолөнершілер ауылында шеберлік сабақтары өткізіледі. Көрермендер тек тамашалап қана қоймай, маманныӊ көмегімен саздан құмыра жасап көреді. Ал "Шабыт" музыканттар ауылында байқау ұйымдастырылады. Көрермендер түрлі аспаптарда ойнап, бақтарын сынайды, ұлттық тағамдардан дәм татып, жасау құпиясымен танысады, кәсіби бүркітшілер мен палуандардыӊ өнерін тамашалайды. Осылайша, келген көрермендер, меймандар көшпенділер өмірін өз көздерімен көріп, тұрмысымен танысады. Сондай-ақ, көрермендер арасынан "Еӊ әдемі ұлттық киім" таӊдалып, сыйлық беріледі.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, "Боралдай" археологиялық паркі. Тұрғындарды жеткізу жағы да қарастырылған. "Орталық стадион" аялдамасы мен "Алатау" дәстүрлі өнер театрыныӊ жанынан әр сағат сайын арнайы автобустар жүреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны