26.04.2017, 11:03 5422

Алматыда "Ұлы Дала ұландары" атты гала-концерт өтеді

2017 жылы 26 сәуір күні Республика сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Ин-би ансамблі мен бірлескен оркестрініӊ Ұлттық ұлан әскерініӊ 25 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай "Ұлы Дала ұландары" атты Гала-концерті өтеді

Алматы. 26 сәуір. Kazakhstan Today - 2017 жылы 26 сәуір күні Республика сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Ин-би ансамблі мен бірлескен оркестрініӊ Ұлттық ұлан әскерініӊ 25 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай "Ұлы Дала ұландары" атты Гала-концерті өтеді,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ баспасөз қызметі.

Аталған шара Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы және Республика сарайыныӊ әкімшілігініӊ бірлескен жобасымен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Мәні бөлек мәдени шара Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" атты еліміздіӊ рухани жаӊғыруыныӊ бірегей бағдарламасы аясында ұйымдастырылу үстінде.

Концертке Парламент Сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетініӊ төрайымы Дариға Назарбаева, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов, Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, қалалық мәслихат депутаттары, күш-қуат ведомстволарыныӊ, комитеттер, департаменттердіӊ басшылары, ардагерлер, БАҚ өкілдері, Алматы гарнизоныныӊ әскери қызметшілері мен олардыӊ отбасы мүшелері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Шараныӊ концерттік бағдарламасында еліміздіӊ еӊбек сіӊірген қайраткерлері Эльмира Баққали, Мұрат Нұрғазиев, Естай Мұқашев, Еділ Құсайынов, сондай-ақ Ғайни Жұмашева, Асхат Таушев, Бауыржан Тұрғымбаев сынды көптеген байқаулардыӊ лауреаттары өнер көрсетеді. Концертке Ұлттық ұлан Ин және би ансамблініӊ бастығы Дархан Рахымғалиев көркемдік жетекшілік жасайды.

Сонымен қатар мерекелік концертте "Азия дауысы" және "Славянский базар" халықаралық байқауларыныӊ лауреаты Маржан Арапбаева, ансамбльдіӊ фольклорлық тобы, вокальдық тобы және тағы басқа да өнерпаздар ұжымы өз өнерлерін көрсететін болады.

Концерт басында кеш қонақтары Ұлттық ұланныӊ фототілшісі Вячеслав Гельблингтіӊ Ұлттық ұланныӊ қызметтік-жауынгерлік тыныс-тіршілігі жайлы фотокөрмесімен таныса алады. Осы орайда атап өтерлігі, егемен еліміздіӊ Отан қорғаушыларыныӊ фотошежіресін жасауда В.Гельблингтіӊ сіӊірген еӊбегі атап өтерлік. Оныӊ көпшілік фотосуреттері көпшілік көӊілінен шықты. Қазіргі таӊда майталман маманныӊ жеке мұрағатында әскери салаға қатысты бір миллионнан аса фотосурет жиналған.

2017 жылдыӊ 10 қаӊтарында, мемлекетіміз тәу ертер Тәуелсіздігімізге қол жеткізген тұста Елбасы Жарлығымен жасақталған Ішкі әскердіӊ, бүгінгі таӊдағы Ұлттық ұланныӊ құрылғанына 25 жыл толды.

Құқықтық тәртіп әскері ішкі істер органдарыныӊ біртұтас жүйесіне кіреді және еліміздіӊ ішкі тыныштығын қас қақпай күзетіп, жеке адамды, қоғам мен мемлекетті қылмыс пен заӊға қайшы әрекеттерден қорғауды сенімді жүзеге асырып келеді.

2017 жылдыӊ 10 қаӊтарында мемлекетіміз тәу ертер Тәуелсіздігімізге қол жеткізген тұста Елбасы Жарлығымен жасақталған Ішкі әскердіӊ, бүгінгі таӊдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ құрылғанына 25 жыл толды.

Құқықтық тәртіп әскері ішкі істер органдарыныӊ біртұтас жүйесіне кіреді және еліміздіӊ ішкі тыныштығын қас қақпай күзетіп, жеке адамды, қоғам мен мемлекетті қылмыс пен заӊға қайшы әрекеттерден қорғауды сенімді жүзеге асырып келеді.

Сондай-ақ, 26 cәуір күні Алматы қаласындағы Республика сарайында ҚР Ұлттық ұланыныӊ фототілшісі Вячеслав Гельблингтіӊ жеке фото көрмесі өтеді. Көрме құқықтық тәртіп әскерініӊ 25 жылдығына арналып отыр.

Вячеслав Гельблингтіӊ ешкімді бей-жай қалдырмас фото туындыларымен 2017 жылдыӊ 26 сәуір күні аралығында кез келген ынта білдіруші таныса алады.

Искери қызметшілерді рухани тұрғыда тәрбиелеу, ішкі мәдениет пен сана-сезімді арттыруда, еӊ бастысы Отан қорғаушылар бойына патриоттық рухты сіӊіруде әскери фото журналистиканыӊ алар орны ерекше.

Тәуелсіздік жылдарындағы Ішкі әскердіӊ, бүгінгі Ұлттық ұланныӊ ел тыныштығын қорғаудағы ерен еӊбектері, даӊқты жауынгерлік жолы әскери басылымдарда тайға таӊба басқандай шежіре болып қатталды. Басылым беттеріндегі фотосуреттер, репортаждар мен басқа да шығармашылық туындылардан сол уақыттыӊ үнін естуге болады.

Осы орайда соӊғы 15 жыл бойында әскеріміздіӊ фотошежіресін қаттауда өз ісініӊ кәсіби шебері, майталман фототілші запастағы прапорщик Вячеслав Гельблингтіӊ сіӊірген еӊбегі өлшеусіз.

Құқықтық тәртіп әскерініӊ бас фототілшісі Вячеслав Гельблингтіӊ фотоаппаратыныӊ көз айнасына түспеген оқиға, нысан, қызмет кемде-кем шығар. Ол түсірген фотосуреттердіӊ көпшілігі қазір жұртшылық аса бір сүйіспеншілікпен әрі ілтипатпен тамашалайтын тарих еншісініӊ жарқын бір сәтін бейнелеген айшықты фото туындыларға айналды. Майталман маманныӊ жеке мұрағатында бір миллионнан аса фотосурет сақтаулы екен. Ирине, олардыӊ қатарында мемлекеттік және халықаралық деӊгейдегі шаралар кезінде елмен Ішкі әскердіӊ, Ұлттық ұланныӊ бірінші тұлғаларыныӊ, сондай-ақ жауынгерлік қызметтіӊ тыныс-тіршілігінен сыр шертетін фототуындылар айрықша құнға ие десек артық айтқандық емес. Атап өтерлігі, сол баға жетпес туындылардыӊ бірқатары ҚР Ұлттық музейінде 2017 жылдыӊ 26 сәуір күні "Ұлттық ұлан Тәуелсіздік күзетінде"тақырыбында өтетін құқықтық тәртіп әскерініӊ 25 жылдығына арналған фотокөрмеден көре аласыздар.

Фототілші В. Гельблинг туралы қысқаша анықтама:

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ "Қалқан" газеті және "Бүркіт" журналыныӊ фототілшісі запастағы прапорщик Вячеслав Константинович Гельблинг 1968 жылы 8 наурызда бұрынғы Торғай облысы Перекатное кентінде дүниеге келген.

1983 жылы Целиноград қаласыныӊ №18 орта мектебін тәмамдап, қаладағы № 8 арнайы кәсіптік-техникалық оқуға түсті.

1986-1988 жылдар аралығында Отан алдындағы әскери борышын Ташкент қаласындағы Иуе күштері әскерлерініӊ қатарында өтеді.

1995 жылы тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерініӊ 6636 әскери бөліміне келісімшарт негізінде қызметке тұрды.

1998 жылы қазанда ҚР ІІМ "Қалқан - Щит" газеті редакциясыныӊ фототілшісі лауазымына тағайындалды.

2015 жылы мамырда әскер сапынан зейнеткерлікке шықты. Дегенмен де ардақты азамат Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ мерейі жолындағы қызметін жалғастырып, әлі де сүйікті мамандығы - фототілші болып жемісті еӊбек етуде.

Майталман маман көптеген халықаралық байқаулардыӊ жеӊімпазы. Олардыӊ қатарында Мәскеу қаласында өткен халықаралық фотоөнер апталығыныӊ "Өмір" және "Адамдар" номинациясыныӊ жеӊімпазы (2013 жылы), сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісініӊ еліміздіӊ Қарулы Күштерініӊ 10 жылдығына арналған "Армия - туған жер мен елдіӊ құрыш қамал қорғаны"атты өткізілген фотобайқауыныӊ лауреаты.

Көптеген ведомствалық, мерейтойлық медальдармен және І, ІІ-ші "Мінсіз қызметі үшін" кеуде белгілерімен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны