13.04.2018, 23:07 10726

Алматыда "Ұлы дала жастары" тарихи-мәдени лагерініӊ ашылуы өтті

Бағдарламаны жүзеге асыру шеӊберінде ЖОО өкілдерімен бірлесе "Рухани жаӊғыру" жобалық кеӊсесі мен "Ұлы дала жастары" тарихи-мәдени лагерініӊ ашылуы өтті.

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясында "Рухани жаӊғыру - Елбасы таӊдауы, қоғамныӊ қолдауы" атты дөӊгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бағдарламаны жүзеге асыру шеӊберінде ЖОО өкілдерімен бірлесе "Рухани жаӊғыру" жобалық кеӊсесі мен "Ұлы дала жастары" тарихи-мәдени лагерініӊ ашылуы өтті.

Жобалық кеӊсе басшылары мен сарапшылары іс-шара барысында пікір және тәжірибелерімен алмасып, өзара ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.

"Алматы қаласында бір жылдыӊ ішінде 2000-нан астам іс-шараныӊ біраз бөлігі Алмалы ауданында және академияда атқарылғанын айтып өткіміз келеді. Бір жылдыӊ ішінде аталмыш бағдарламаны насихаттауға бағытталған оннан астам іс-шара өткізген академиямыз ұсталған бағыттыӊ әр нысанын қолдайтынын көрсетті",- деді М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясыныӊ проректоры Ұлан Құттыбаев.

"Аталған бағдарламалық мақалада еліміздіӊ жалпы ұлттық рухани кодымызды сақтау, ұлттық сананы өзгерту, ер азаматты өз елін, туған жерін сүюге патриот болуға үндейтін неше түрлі жобалар аталып өтті",- деп атап өтті Алмалы аудандық Ішкі саясат бөлімініӊ басшысы Серікболсын Сарыбаев.

Сондай-ақ, дөӊгелек үстел барысында қатысушылар Елбасыныӊ бағдарламасын жүзеге асыру аясында бір жыл ішінде өткізілген іс-шаралардыӊ есебін қарап талдады және "Ұлы дала жастары" тарихи-мәдени лагерініӊ іс-шараларыныӊ жоспарыныӊ тұсаукесері өткізілді. Бұл бағдарлама жастар арасында кеӊінен таралатыны атап көрсетілді.

"Біздіӊ әке-шешеміз айтатын : "Алпыс күн аш жүрсеӊ де адамгершіліктен аттама",-деп. Сондай тәрбие айтып, бүгінгі күні сондай насихат таратып отыратын ақсақалдарымызды жиі -жиі жобаларға шақырып отырамыз. Себебі, бір үйдіӊ тәрбиесі тәрбие емес",- дейді "Қыран" қоғамдық қорыныӊ атқарушы директоры Бағдат Муптекеқызы.

Іс-шараға бағдарламаны жүзеге асырушы сарапшылар, ЖОО өкілдері, танымал спортшылар, жергілікті атқарушы органдар мен жастар комитеттерініӊ өкілдері қатысты.

Еске сала кетейік, осы аптада Алматыда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ бір жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, Бостандық ауданы әкімі аппаратында, ҚазҰАУ, М.Иуезов атындағы әдебиет және өнер институтында "Рухани жаӊғыру - Елбасы таӊдауы, қоғамныӊ қолдауы" тақырыбында конференциялар, сондай-ақ, "Иліби паркінде" бағдарламаға арналған кездесу болып өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны