08.05.2008, 15:24 3183

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ресей Федерациясының ордендерімен марапатталды

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ресей Федерациясының ордендерімен марапатталды

Алматы. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ресей Федерациясының ордендерімен марапатталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ұлы Жеңіс", Адмирал Кузнецов пен Александр Невский атындағы ордендерді Ресей ұлтттық қауіпсіздік, қорғаныс пен тәртіпті сақтау Академиясының қоры бекіткен. Ресей Федерациясының ордендерін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тапсыру рәсімі бүгін Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар департаментінде табыс етілді. Ұлы Отан соғысының 40-тан астам ардагерлері ордендермен марапатталды.

Марапатқа лайық адамдардың тізімін Алматы қалалық ардагерлер кеңесі жасады.

Ордендер Алматы қаласы әкімдігі бөлген 3 млн 400 теңге қаражатқа жасалды.

Марапаттау рәсіміне Алмалы ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Зекен Иділбеков, қалалық ішкі істер басқармасы бастауыш ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Михаил Белоусов, қорғаныс істері жөніндегі Департамент директоры Бахыт Мұхамеджанов, құрметті қонақтар, Ресей ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс пен тәртіпті сақтау Академиясы ресей өкілділігінің өкілі, подполковник Сергей Борисов (Мәскеу қаласы), генерал -полковник Виталий Зайченко, генерал -майор Владимир Полюх, генерал -лейтенант Владимир Осипов қатысты.

Ресей ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс пен тәртіпті сақтау Академиясы өкілділігінің өкілі, подполковник Сергей Борисовтың (Мәскеу қаласы) агенттік тілшісіне берген түсініктемесіне сәйкес, Қазақстан - аталған ордандармен мараппатату рәсімі өткізілген бірінші республика.

"Біз жыл сайын бір республиканы біздің ордендермен және медальдармен марапаттаймыз. Қазақстан сондай бірінші ел болды. Біздің қоғамдық наградалар қорымыз тек "Ұлы Жеңіс" орденін ғана емес, Александр Невский, Екатерина, Петр, Ломоносов ордендерін де жасаған. Бұлар бейбіт уақытта да, Ұлы Отан соғысы жылдарында да жасалған ерлік үшін беріледі", - деді ол.

Сергей Борисовтың айтуынша, аталған ордендер жуырда ғана жасалған және онымен бұған дейін тек Ресейде тұратын адамдар ғана марапатталып келген.

Ақпараттық анықтама : Адмирал Кузнецов орденімен әскери- теңіз Флотында асқан батырлық көрсетіп, жанқиярлық ерлік жасаған, әскери, қызметтік, азаматттық борышын барынша адал орындаған азаматтар марапатталады.

Ресейдің ұлы теңіз державасын дамытуға зор үлес қосқан, мемлекеттік, өндірістік, қамқорлық көрсету аясында алдыңғы шептен көрінгендер де осы мараптқа ие бола алады.

Қасиетті Александр Невский орденімен өзінің өміріне қауіп төніп тұрса да еш тайсалмастан барынша батырлық көрсетіп, өзінің әскери, азаматтық, адамгершілік міндетін елі алдында адал атқарған азаматтар марапатталады.

Адамдардың өмірін жақсарту барысында мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми -зерттеу, өндірістік жұмыстарға да белсене араласып, алдыңғы шептен көрінгендер осы орденді иеленеді.

Жоғары маманданған кадрларды дайындағандар, ұлт пен ұлыстың рухани мәдениетін дамытуға барынша үлес қосып, ел бірлігі мен ынтымағын арттыру жолында аянбай тер төккендер де осы марапаттқа ұсынылады.

"Ұлы Жеңіс" орденімен КСРО-ның құрамында және Ұлы Отан соғысы кезінде асқан батырлықтың үлгісін көрсеткен, партизандармен бірге жасырын ұйымдарда жауға қарсы жанкештілікпен күрескен, Ұлы Отан соғысы мен КСРО кезінде Қарулы күштер құрамында айбындылық танытқан, Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатқан барлық абзал жандар, концлагерьлерде болғандар, екінші Дүние жүзілік соғыста фашист басқыншыларымен бетпе - бет келіп, жанын құрбан етуге даяр болғандар марапатталады.

Ұлы Отан соғысы кезінде партизандық құрылымдарда, антифашистік одақтарда болып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске өз үлестерін қосқан шетелдік азаматтар да осы орденмен марапатталады.

Ресей Ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс пен тәртіпті сақтау Академиясының қоры бекіткен ордендерге ие болу аса үлкен құрмет болып тпабылады.

Ресей мемлекетінің, Ресей Қарулы Күштерінің дамуына үлес қосқан басқа да азаматтар осы марапатқа ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны