22.08.2016, 13:09 4054

Универсиаданыӊ жаӊа нысандары - 12 мыӊ орынды Мұз сарайы "Алматы Арена", 3 мыӊ орынды сарай "Халық Арена" деп аталатын болады

Алматыда ҚР Премьер - Министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаеваныӊ төрағалық етуімен 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Универсиадаға дайындық пен оны өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетініӊ отырысы өтті.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда ҚР Премьер - Министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаеваныӊ төрағалық етуімен 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Универсиадаға дайындық пен оны өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетініӊ отырысы болып, онда Қысқы ойындардыӊ басты нысандарыныӊ атаулары,Универсиада медальдары мен тұмарларыныӊ дизайны бекітілді, деп хабарлады қала әкімдігі.

Жиын барысында Д.Назарбаева Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан олимпиада ойындарындағы қазақстандық спортшылардыӊ жоғары жетістіктерін, спорттық инфрақұрылым құрылыстарыныӊ, елімізде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

"Универсиада жобасы арқасында Алматыда өте заманауи және барынша әдемі үш жаӊа спорт нысандары пайда болды. Жаӊа инфрақұрылымдар, жаӊа тұрғын кешендері, театрлар, көрме залдары,кинотеатрлар, әлеуметтік- тұрмыстық нысандар бой көтеруде. Бұл аудан болашақта адамдар үшін барынша қолайлы және жайлы болады", - деді ҚР премьер-министрініӊ орынбасары.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек FISU талаптарына сай және Елбасыныӊ келісіміне орай Универсиаданыӊ жаӊа нысандарына атаулар берілетіндігін жеткізді. Яғни, 12 мыӊ орынды Мұз сарайы " Алматы Арена", 3 мыӊ орынды сарай "Халық Арена" деп аталатын болады.

"Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша Универсиада өткен соӊ пәтер кезегінде тұрған 1 748 адам Атлеттер ауылынан үй алады. Атлеттер бөлмесіне сатып алынған жиҺаз, тұрмыстық техника (3 700 тоӊазытқыш пен телевизор, 1 750 кір жуатын машина) ауруханалар мен емханаларға, қала бала бақшалары арасында бөлінеді. Ойындар өткен соӊ Атлеттер ауылына Алматыныӊ олимпиадаға дайындық орталығы, Алатау ауданындағы 1200 адамға ХҚКО, 700 адам қатынайтын емхана, Қазпошта бөлімшесі, супермаркет, тұрмыстық үй, полицияныӊ толық жабдықталған тірек пункті орналасады", - деді Б.Байбек.

Мегаполис әкімі жергілікті билікпен, Ішкі Істер министріігмен, ҰҚК-мен, Бас прокуратурамен бірігіп, Универсиада барысында қоғамдық қауіпсіздікке нұсқан келтірудіӊ алдын алу бойынша қажетті шаралардыӊ барлығыныӊ атқарылып жатқандығын атап өтті.

"ІІМ-ніӊ есептеулері бойынша, Универсиаданыӊ қауіпсіздігін құқық қорғау органдарыныӊ 6,5 мыӊнан астам қызметкерлері қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен ІІД-не жарылғыш заттардыӊ 15 қолмен жұмыс істейтін детекторларын алу үшін 222 млн. теӊге бөлінді", - деді Б.Байбек.

Мәжіліс барысында Универсиада атрибуттарыныӊ таныстырылымы өтті. Жиналғандарға эстафетаға қатысушылардыӊ, Универсиада алауы факелініӊ, ойын тұмары - "Сұӊқар" құсыныӊ сыртқы белгілері көрсетілді. Қыран ту биікке самғайтын құс, сондықтан ол жас спортшыларды жеӊіс пен мақсаткерлікке шақыратын болады. Алқалы жарыстыӊ басты атрибуты - марапат медальдары да көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны