29.12.2017, 17:48 7110

Алматыда "Универсиада 2017-ніӊ Дирекциясы" мемлекеттік қоры таратылды

Алматыда "2017 жылы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі Дирекция" Мемлекеттік қорын тарату процедурасы аяқталды. Еліміздіӊ заӊнамасына сай қаржылық- шаурашылық қызмет тексерілген соӊ, барлық құжаттар қаланыӊ Орталық мемлекеттік мұрағаттар орталығына тапсырылды.

Алматы. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда "2017 жылы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі Дирекция" Мемлекеттік қорын тарату процедурасы аяқталды. Еліміздіӊ заӊнамасына сай қаржылық- шаурашылық қызмет тексерілген соӊ, барлық құжаттар қаланыӊ Орталық мемлекеттік мұрағаттар орталығына тапсырылды.

Қаржылық-экономикалық қызметті қорытындылаған Универсиада Дирекциясыныӊ экс-басшысы Наиль Нуров бірншеше күн бұрын Алматы бюджетіне тағы бір миллиард теӊгеніӊ қайтарылғанын хабарлады.

"Қазақстан Универсиадасы Қысқы ойындар тарихындағы барынша үнемді әрі аз шығынды спорттық оқиға болды. Алдын- ала жасалған бюджеті бойынша 32 млрд. теӊге оӊтайландырылып, 17,8 млрд. теӊгеге дейін қысқарды, ал процесс барысында тағы да 4 млрд. теӊге үнемделді. Осы таяуда ғана Алматы бюджетіне тағы бір миллиард теӊге берілді. Яғни, мемлекеттік бюджетке жалпы операциялық қызметттен түскен 5 млрд. теӊге қайтарылды. Үнемге қарамастан Алматыда Қысқы ойындар тарихындағы еӊ ауқымды жарыстар өтті. Оларға 57 елдіӊ 2 мыӊнан астам спортшысы, 120 халықаралық төреші қатысты. Қысқы Универсиадалар тарихында алғаш рет заманауи Атлеттер ауылы салынып, ол кезекте тұрған алматылықтардыӊ үйіне айналды", - деді ол.

Жалпы, Универсиада соӊынан бай мұра қалды "нөлден жасалған" "Алматы Арена", "Халык Арена" сынды спорт кешендері пайда болды, "Шымбұлак", "Медеу", "Сұӊқар" мен Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы қайта жаӊғырды. Универсиаданыӊ барлық обьектілері халықаралық стандарттарға сай болды. Осылайша, Алматы агломерациясында заманауи таушаӊғысы кластері пайда болды.

Еске салсақ, Алматыда Универсиада барысында 230 мыӊнан астам билет сатылды, 30 мыӊнан астам туристер және еліміздіӊ түрлі өӊірінен 170 азаматтар келді. Қала сервисі айтарлықтай жақсарды, мейрамханалардыӊ кафелердіӊ, Алматы отельдерініӊ 87%-ы халықаралық туроператорлардыӊ талаптарына сай жоғары сапалы қызмет көрсетті.

Тамыз айында Тайбэеде (Қытай) өткен ФИСУдіӊ атқару комитетініӊ отырысында Алматыда өткен Ойындарға жоғары баға беріліп, Студенттік ойындар тарихындағы үздік қысқы Универсиада деп танылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны