17.11.2012, 12:33 2492

Алматыда Универсиада нысандарының құрылысына қатысты мәселені магистральдық инженерлік желілердің дамуын ескере отырып шешу қажет

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Универсиадаға орай салынатын спорт нысандарын магистарльдық инженерлік желілермен қамтылуын қадағалады.

Алматы. 17-қараша. Kazakhstan Today - Алматыда Универсиада нысандарының құрылысына қатысты мәселені магистральдық инженерлік желілердің дамуын ескере отырып шешу қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Универсиадаға орай салынатын спорт нысандарын магистарльдық инженерлік желілермен қамтылуын қадағалады.

Қазіргі таңда нысандардың жылумен, газбен, электр жарығымен, сумен қамту мәселелері жан-жақты есептелуде.

"ҚР Премьер-министрінің бұйрығымен Универсиаданы өткізу 2017 жылғы 28 қаңтарға белгіленіп отыр. Төрт жылдан аз уақыт қалды. Біз тездетуіміз керек. Құрылыс жағынан шешімін күтіп тұрған мәселелер көп, оларды инженерлік жылумен, электр жарығымен, газбен қамтамасыз етуіміз керек", - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, отырыста Универсиада кезінде өткізілетін спорттық шаралардың ұйымдастырылу мәселелері де талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны