27.01.2017, 18:48 3863

Алматыда Универсиаданыӊ мәдени шараларына билеттер көп сатылуда

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрыныӊ алдында орналасқан этноауылда болды, мұнда этно-фольклорлы концерттер мен дәстүрлі музыка кештері өтетін болады.

Алматы. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрыныӊ алдында орналасқан этноауылда болды, мұнда этно-фольклорлы концерттер мен дәстүрлі музыка кештері өтетін болады.

Этноауыл өз жұмысын 29 қаӊтарда бастап, Универсиада аяқталғанша жалғастырады.

Этноауыл аумағына "Мәӊгілік ел", "Ұлы дала елі" және басқа екі үлкен инсталляциялар қойылады.

Бұлардан өзге, Универсиада аясында Алматы тұрғындары мен қонақтарына барынша қызықты мәдени бағдарламалар ұсынылады.

Қала театрларыныӊ бағдарламалары ерекше әрі мазмұнды, мысалы Абай атындағы опера және балет театры мен М.Лермонтов атындағы Акадмеиялық орыс драма театры көрермендерге өздерініӊ еӊ үздік қойылымдарын ұсынады. 20 қаӊтардан бастап П.И.Чайковскийдіӊ "Щелкунчик", Дж. Пуччинидіӊ "Флория Тоска", К.Маньеніӊ "Cherchez La Femme", Федерико Г.Лоркидіӊ "Андалузское проклятие" балеттері мен Н.Гогольдіӊ "Ревизор" қойылымдары көрсетіледі. Ал, М.Иуезов атындағы қазақ драма театры, Мемлекеттік республикалық корей муызкалық комедия театры, Қ.Қожамьяров атындағы республикалық ұйғыр театры өздерініӊ айрықша мазұнды қойылымдарын ұсынатын болады. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында ҚР Еӊбек сіӊірген артисі Г.Несіпбаевтыӊ басқаруымен орган музыкасыныӊ кеші, ҚР мемлекеттік Үрлемелі оркестрініӊ концерті, халықаралық байқаулардыӊ лауреаттары Жанар Сулейманованыӊ, Амир Бисенғалиевтіӊ және басқалардыӊ концерттері өтеді.

"Балалар әлемді біріктіреді" көрмелері мен шеберлік сыныптары төрт кезеӊде (Халык Арена, Алматы Арена, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Республика Сарайы алдындағы алаӊ); "Шығармашылық әлемді біріктіреді" (Халық Арена, Алматы Арена); "Спорт әлемді біріктіреді" ретроспективті көрме мен пленарлық жұмыстар көрмесі ( Универсиаданыӊ барлық спорт нысандарында); "Универсиада сәті" ( Универсиада нысандарында, Алматыныӊ жаӊа мұражайында) өтеді.

28-ші қысқы Универсиадаға арналған арнайы цирк бағдарламасы Қазақ мемлекеттік циркінде ойындар аяқталғанша көрсетіледі, ал 10 ақпанда Республика сарайында Қазақстанныӊ Еӊбек сіӊірген мәдениет қызметкері Сейдолла Бәйтерековтыӊ шығармашылығына арналған "Жан досым" атты концерт өтеді.

Атап өтерлік жайт, бүгінгі күні Абай атындағы опера және балет театрында қойылатын "Лебединое Озеро", "Ромео и Джульетта" , "Жизель" балеттеріне билеттер толық салытып кеткен. "Алатау" театрында күн сайын өтетін дәстүрлі музыка концерттеріне де барлық билеттер түгел сатылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны