15.09.2015, 18:13 3868

Алматыда ҰОС-на қатысушылар мен аға ұрпақ өкілдеріне қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы беріледі

Қала әкімі Бауыржан Байбектіӊ төрағалымен өткен қалалық Мәслихаттыӊ V шақырылымындағы 43-ші сесиясында депутаттар жеӊілдетілген жолақы туралы шешімді бірауыздан қолдады

Алматы. 15 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қала әкімі Бауыржан Байбектіӊ төрағалымен өткен қалалық Мәслихаттыӊ V шақырылымындағы 43-ші сесиясында депутаттар жеӊілдетілген жолақы туралы шешімді бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Депуттар "Алматыныӊ мұқтаж азаматтарыныӊ жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеӊілдігін беру туралы" және электронды жол жүру карталарына сәйкес қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа ) тариф құныныӊ 50% көлемінде, сондай-ақ 15 жастан асқан жалпы білім беретін мектептердіӊ оқушыларына, күндізгі оқу нысанындағы техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары мен жоғары оқу орындарыныӊ студенттеріне, жасына байланысты зейнеткерлерге жеӊілдетілген жол жүру мүмкіндігі беру туралы мәселелерді қарады. Бұлардан өзге, электрондық жол жүру карталарға сәйкес Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушылары мен мүгедектеріне және 75 жастан асқан тұлғаларға қалалық қоғамдық көлікте ( таксиден басқа) тегін жол жүру мүмкіндігі берілетін болды.

Қала әкімі қазіргі күрделі жағдайда аға буын өкілдеріне қолдау білдірудіӊ қажет екендігін атап өтті.

"Президент Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерге үнемі ерекше ықылас білдіріп келеді. Бүгін 75 жастан асқан тұлғаларға қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүруі туралы шешімніӊ бірауыздан қолдау табуы тұрғындар арасында ббатуыИ сегодня единогласная поддержка решения о бесплатном проезде на городском общественном транспорте лицам старше 75-лет, уверен, найдет положительный отклик среди населения", - сказал Б.Байбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны