22.07.2016, 15:32 4759

Алматыда ұрланған ұялы телефондарды сатып алушы ұсталды

Криминалды полиция басқармасы қызметкерлерініӊ дерегінше, 26 жастағы азамат ұрланған заттарды сатып алумен бұрыннан айналысып келген болса керек. Ол ұрланған телефонды 10 мыӊ теӊгеге сатып алып тұрған жерінде ұсталды

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда ұрланған ұялы телефондарды сатып алумен айналысқан 26 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Криминалды полиция басқармасы қызметкерлерініӊ дерегінше, 26 жастағы азамат ұрланған заттарды сатып алумен бұрыннан айналысып келген болса керек. Ол ұрланған телефонды 10 мыӊ теӊгеге сатып алып тұрған жерінде ұсталды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Ол сатушыныӊ бұл телефонды қылмыстық жолмен тапқандығын жақсы білген. Бұл жедел және арнайы шаралар жүргізу барысында расталды. Қылмыстыӊ басталу тарихы мынадай: бұдан бірнеше күн бұрын біздіӊ бөлімшеніӊ қызметкерлері қоғамдық көлікте жас азаматты ұстады. Ол қолға түсерден бірнеше минут алдын бір жолаушы әйелдіӊ телефонын жымқырған. Күдікті қылмысын мойындады және тергеу ісіне көмектесуге келісті. Оныӊ айтуынша, бұл құқыққа қайшы әрекетпен ол бұрыннан айналысып келген.

Алқылмыстық жолмен тапқан олжасын, дәлірек ұялы телефондарды Марат есімді азаматқа арзан бағаға сатып отырған. Көп ұзамай ұрланған телефондарды сатып алушы қылмыс үстінде ұсталды", - деді Алматы қалалық ІІД Криминалды полиция басқармасыныӊ бастығы, полиция подполковнигі Жанболат Зиядин.

Ал осы қылмыстық іспен айналысып жатқан Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасыныӊ қызметкерлері алдағы іс жүргізу жоспарын түсіндірді.

"Бұл Е. есімді азаматқа ҚР ҚК 196-шы бабында қарастырылған қылмыстарды (қылмыстық жолмен табылған бұйымдарды сатып алу) жасаған деген айып тағылуда. Жасаған ісі қылмыстық әрекет категориясына жатады. Өндірісті қамтамасыз ету мақсатында ұсталған азамат қазір ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексініӊ 128-ші бабына сәйкес, уақытша тергеу абақтысына тоғытылды. Ал, ішінде арнайы шаралар нәтижесініӊ деректері бар барлық бұлтартпайтын дәлелдер базасы, қылмыстық істіӊ материалдарына тіркелді. Күдікті істеген ісін мойындады және жауап беріп жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасыныӊ бастығы, полиция подполковнигі Рүстем Ибдірахманов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны