28.10.2007, 17:37 3265

Алматыда үш жол айрығы пайдалануға берілді

Алматыда үш жол айрығы пайдалануға берілді.

Алматы. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бүгін Сайын -- Жандосов, Сайын - Шаляпин және Сайын - Абай көшелерінің қиылыстарыдағы үш жол айрығы пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қала әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алматының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ашылу салтанатында: "Бүгін жол айрықтарын салу тарихындағы ең нәтижелі күн . Біз сіздермен үш нысанның бір мезетте пайдалануға берілуінің куәсі болып отырмыз, бұларды салуға 13,4 млрд теңге жұмсалған. Бұл нысандар Сайын көшесі бойынша кедегісіз жүруді қамтамасыз етіп қана қоймай, біздің қаланың оңтүстік-батыс бағытындағы көлік ағынын айтарлықтай жеңілдетеді", деп атап өтті.

Алматының жолаушылар көлігі мен көлік жолдары департаментінің директоры Қанат Сұлтанбековтың айтуынша, құрылыс мерзімінің өте қысқа болуына қарамастан, бұл оның сапасына еш әсер еткен жоқ, оның технологиясында ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ. Ол сондай-ақ, сапасына негізгі сын көпір конструкциясы болып табылады. Бүгін ашылған нысандарды тестілеу шаралары сәтті өтті, бұған тәуелсіз институттырдың сертификаттары куә.

"Бұл жол айрықтарының әрбірінің орташа құны 4-тен 4,6 млрд теңге аралығында. Бұған тек бетондық жұмыстар мен асфальттау ғана емес, көгалдандыру және жол қозғалысын ұйымдастыру да кіреді. Жол айрықтарында қандай да бір көшедегі көлік ағымын есептеп, бұл ақпаратты бағдаршам нысандарына тікелей беріп отыратын жаңа компьютерлік технология орнатылады. Бұл бағдаршам нысандарының сол сәттегі көлік ағымын ескере отырып, автоматты түрде реттеп отыруына мүмкіндік береді",- деп атап өтті Қ. Сұлтанбеков.

Икімшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол айрықтарының ашылуында сондай-ақ нысандарды бұзу проблемаларының болмағандығы айтылды, себебі Сайын көшесінің шығыс жағында бірнеше дүкендер мен көлік тұрақтары ғана болған.

Икімшіліктің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, үстіміздегі жылы 12 жол айрығын ашу жоспарланған, тағы екі жол айрығын пайдалануға беру қалған. "Біз Ил-Фараби - Достық - шығыс жақ жол айрығын аяқтауымыз керек. Біз ондағы құрылыс жұмыстарын 15 - 20 қарашада аяқтауды жоспарлап отырмыз. Тағы екі жол айрығы қалады, атап айтсақ Рысқұлов - Кудерин және Рысқұлов - Бөкейханов көшелеріндегі нысан. Бұл жерде айтарлықтай проблема туындап отыр: бұл жол айрықтарының құрылысының орнында ек жүзге жуық жеке меншік ғимараттар бұзылады",- деп атап өтті жолаушылар көлігі және көлік жолдары департаментінің директоры.

Оның айтуынша, құрылыс жобасы 2005 жылы әзірленген, және де сол кезде бюджетте бұзылатын үйлердің бағасы сол кездегі бағаға сәйкес қарастырылған. "Бүгінде баға басқаша, және де бізде қосымша қаржы бөлуге байланысты кейбір кешеуілдеу оқиғалары болды. Бірақ тікелей осы көшелерде көлік қозғалысын жеңілдету үшін барлық шаралар қабылдануда. Және де жолдар мен көшелерді жайластыруға қатысты кейбір жұмыстар келесі жылға қалдырылуы мүмкін",- деп атап өтті Қ. Сұлтанбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны