15.08.2012, 12:30 3006

Алматыда Үшінші Халықаралық "Four Э" эко-этнофестивалі өтеді

Оны Сноуборд және экстремальды спорт түрлері федерациясы, Матипати жобасы, FUNK Креативтік агенттігі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Фестиваль өз тәні мен рухын дамытуға қызығушылық білдіретін шығарашылық тұлғалары, музыканттар, суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер, қолөнершілер, саяхатшылар мен салауатты өмір салты бойынша сарапшылардың және өзге де қарапайым азаматтардың басын қосады

Алматы. 15-тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда Үшінші Халықаралық "Four Э" эко-этнофестивалі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы маңында 17-19 тамызда Үшінші Халықаралық "Four Э" экологиялық-этникалық фестивалі болады.

Оны Сноуборд және экстремальды спорт түрлері федерациясы, Матипати жобасы, FUNK Креативтік агенттігі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Фестиваль өз тәні мен рухын дамытуға қызығушылық білдіретін шығарашылық тұлғалары, музыканттар, суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер, қолөнершілер, саяхатшылар мен салауатты өмір салты бойынша сарапшылардың және өзге де қарапайым азаматтардың басын қосады. Былтыр бұл шараға 6 мыңнан астам адам қатысқан болатын. Ұйымдастырушылар бұл жолы қатысушылардың саны бұдан әлдеқайда көп болады деп жоспарлауда.

Жалпы экологиялық-этникалық фестиваль бағдарламасы дәстүр бойынша 4 түсті аймаққа бөлінген. Қызғылт сарысы - этникалық музыкаға, жасылы - авторлық дизайн бойынша шеберлік дәрістеріне, күлгіні - тән мен рухты дамытушы мамандарға, қызғылты - балалардың білім беру орталығына берілмек. Онда биыл Ресейден Сергей Чик пен "Иволга" тобы, Қырғызстаннан Алевтина Баталова, Украинадан "ОдноНо" жобасы ал Қазақстаннан "HaPaNaSaSa" тобы өнер көрсеткелі отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны