10.10.2017, 17:26 5105

Алматыда "Ұста" атты деректі фильмніӊ тұсаукесері өтті

Деректі фильм белгілі қолөнер шебері, Қазақстан және КСРО суретшілері және дизайнерлер одағыныӊ мүшесі, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, ұстаз, этнодизайнер Дәркембай Шоқпарұлыныӊ өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. Фильмніӊ режиссері Мірғалым Есіркепов.

Алматы. 10 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасындағы Ермек Тұрсыновтыӊ киноклубында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Ұста" атты деректі фильмніӊ тұсаукесері өтті.

Деректі фильм белгілі қолөнер шебері, Қазақстан және КСРО суретшілері және дизайнерлер одағыныӊ мүшесі, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, ұстаз, этнодизайнер Дәркембай Шоқпарұлыныӊ өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. Фильмніӊ режиссері Мірғалым Есіркепов.

Мәдени іс-шараға Дәркембай Шоқпарұлыныӊ туыстары мен жақындары, көзкөрген замандастары мен шәкірттері, фильмніӊ түсіру тобы мен "Қазақфильм" киностудиясыныӊ өкілдері қатысты.

- Мен Дәркембай Шоқпарұлыныӊ тұлғалық бейнесін тереӊінен танығым келді. Сондықтан да осы фильмді түсіремін деп шештім. Ол кісіні зерттей келе, ол - алдына қойған мақсатына жетуден таймайтын, батыл әрі ақжарқын адам екенін білдім. Оныӊ өз алдына қойған бар мақсаты - өз шеберлігін игеріп, оны дамыту ғана емес, сонымен қатар, ұлттық дәстүрді сақтап, оны шәкіртеріне, ізбасар ұсталарға үйрету еді. Кеӊес заманынан бері сәндік-қолданбалы өнеріне тиесілі көӊіл бөлінбейді, бейнелеу өнерініӊ жас саласы ретінде ғана қарастырылады. Меніӊ бірінші мамандығым - қолданбалы өнер суретшісі. Сондықтан да, Дәркембай ұстаныӊ жұмыстары маған жақын. Ол үшін қолданылған материалдардыӊ көркем өӊделуі, оныӊ табиғи әдемілігініӊ сақтап қалынуы маӊызды. Сондай-ақ ұлтымыздыӊ көне дәстүрлі өнеріне деген махаббаты ерекше байқалады, - деді режиссер Мірғалым Есіркепов.

"Ұста" деректі фильмі өткен жылдыӊ соӊына қарай өндіріске жіберілген. Фильмніӊ түсірілімдері Алматы облысы Ақши ауылында өткен. Дәркембай Шоқпарұлы өмірініӊ соӊына дейін осы ауылда тұрған және өз шеберханасын ашқан. Ақши ауылында Дәркембай Шоқпарұлы атындағы қолөнер музейі орналасқан. Музейді 2010 жылы шебердіӊ ұлы ашқан. Сондай-ақ, түсірілімдер Дәркембай Шоқпарұлы туып өскен Еӊбекшіқазақ ауданындағы Казатком ауылында өтті.

Фильм туралы

Өнер атаулыныӊ бәрі де бір қалыпқа салынып тұрған кеӊес заманында Дәркембай Шоқпарұлы жойылып бара жатқан халқымыздыӊ дәстүрлі қолданбалы өнеріне жан бітіріп, оны сақтап қалуға тырысты. Дипломдық жұмысы мен қолөнерді қатар алып жүрген ол, ауыл-ауылдарды аралап тері, ағаш, металл өӊдеудіӊ ескі тәсілдерін жазып алып, халық қолөнер шығармашылығыныӊ үлгілерін жинайды.

Он үш жасында әкесінен айырылған ол, Жетісудағы танымал қолданбалы өнер иесі - ағайын ағасыныӊ тәрбиесінде жүріп өнерге ерте араласады. Шоқтығы биік қолөнер шеберлерініӊ құпия сырын меӊгерген Дәркембай ұста артынан ұрпаққа мәдени мол мұра қалдырып, қазақтыӊ дәстүрлі өнерін өз шәкірттерініӊ бойына сіӊірді.

Өндіруші: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, ҚР мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша

Қоюшы режиссері және сценарий авторы: Мірғалым Есіркепов

Қоюшы операторы: Александр Богачев

Композиторы: Исел Омарова

Картина директоры: Алмат Масалим

Анықтама

Дәркембай Шоқпарұлы 1946 жылы 25 мамырда Алматы облысы, Еӊбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылында дүниеге келді. Хас қолөнер шебері, ғалым-этнограф, Қазақстанныӊ суретшілер мен дизайнерлер одағыныӊ мүшесі, Қазақстан Ленин комсомол сыйлығыныӊ лауреаты. 1977 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірді. 1972 - 1982 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Республикалық қолөнер мұражайында және "Қазреставрация" бірлестігінде бас суретші-реставратор ретінде қызмет атқарды. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясыныӊ доценті, "Металл және ағаш өӊдеу" кафедрасыныӊ меӊгерушісі. 1996 жылы "Асыл" қолөнер мектебін ашып, шәкірт тәрбиелеген. Шығармашылық жолында колөнер шебері, этнография және қазақ халқыныӊ мәдениеті тақырыбында ғылыми еӊбектер жазған. "Өрім өру", "Домбыра жасау", "Бесікке бөлеу - бабалар дәстүрі" сынды басқа да еӊбектердіӊ авторы.

Режиссер туралы:

Есіркепов Мірғалым - сценарист, қоюшы суретші, телеарна және кино режиссері. 1965 жылы 11 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданы Жалаӊаш ауылында дүниеге келген. Алматыдағы мемлекеттік көркем-театр институтын (қолөнер суретшісі) және Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітірген (Телерна және кино режиссері).

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ: "Жернова" (қысқаметражды фильм, 1995 ж.), "Аспанға апарар баспалдақ" (қысқаметражды фильм, 1998 г.), "Ұлыстыӊ ұлы күні" (деректі фильм, 2004 ж.) "Соӊғы соғыстыӊ батыры" (деректі сериал, 2005 г.) "Еліӊді іздеп табу" (деректі сериал, 2006 ж.), "Адамға көп жер керек пе?" (көркем фильм, 2011 ж.), "Үш қадам жоғары" (көркем фильм, 2012 ж.), "Бейімбет Майлин" (деректі фильм, 2013 ж.), "Иштван Қоӊыр" (деректі фильм, 2015 ж.), "Үмітсіз күн келмейді" (деректі фильм, 2016 ж.), "Ұста" (деректі фильм).

МАРАПАТТАРЫ:

- "Аспанға апарар баспалдақ" (1998) қысқаметражды фильмі І Орталық Азияныӊ тәуелсіз кино фестивалінде киносыншылар жүлдесін алды;

- "Адамға қанша жер керек" көркем фильмі "Идебиет және кино" кинофестивалінде "Үздік дебют" жүлдесін алған, Қазан, Алматы, Таллин қалаларында өткен фестивальдерге қатысқан;

- "Үш қадам жоғары" фильмі VIII халықаралық мұсылмандар киносы фестивалінде тұсауы кесілді; "Шәкен жұлдыздары" фестивалінде киносыншылар және фестиваль басшылығыныӊ арнайы жүлдесімен марапатталған (2013);

- "Мир" телеарнасында көрсетілген "Соӊғы соғыстыӊ батыры" деректі фильмі (2004-2005) "Үздік бағдарламалар" байқауында қазылар алқасыныӊ жүлдесімен марапатталған;

- "Еліӊді іздеп табу" фильмі "Алтын жұлдыз - 2006" ұлттық жүлдесімен марапатталған.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны