17.12.2018, 14:05 4841

Алматыда "Ұстаз Мәртебесі - Ұлт Мерейі" қалалық конкурсыныӊ қорытындысы шығарылды

№159 мектептіӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәнініӊ мұғалімі Сәуле Ахметова Алматыныӊ "Үздік мұғалімі" атанды, оған жаӊадан ашылған №168 мектепте салтанатты түрде автомобильдіӊ кілті тапсырылды.

Алматы. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда орта білім беретін мекемелердіӊ 100-ден астам мұғалімдері қатысқан "Ұстаз Мәртебесі - Ұлт Мерейі" қалалық конкурсыныӊ қорытындысы шығарылды.

№159 мектептіӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәнініӊ мұғалімі Сәуле Ахметова Алматыныӊ "Үздік мұғалімі" атанды, оған жаӊадан ашылған №168 мектепте салтанатты түрде автомобильдіӊ кілті тапсырылды. №140 мектептіӊ информатика пәнініӊ мұғалімі Нұрғалы Нұрымбетовке отбасылық демалыстыӊ жолдамасы берілді. Бұлардан өзге бірқатар ұстаздарға дипломдар мен 500 және 300 мыӊ ірі теӊгелік сертификаттар табыс етілді. Ұстаздар арасында мұндай байқау өткізудіӊ бастамашысы- жергілікті кәсіпкер Мұрат Иділханов, ол "Туған жер" бағдарламасы аясында осы оқу мекемесін салып берген еді.

"Мемлекет басшысыныӊ қолдауы арқасында Алматыда 117 оқу орындары салынды. Тек соӊғы бес жыл ішінде ғана білім саласын қаржыландыру мегаполисте 37%-ға немесе 27 млрд. теӊгеге өсті. Қазіргі кезде білім саласыныӊ инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда. Тек биылдыӊ өзінде ғана құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарына 17 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінді. Мен сіздерге барынша жауапты әрі қиын жұмыстарыӊыз үшін алғыс айтамын. Ұстаздардыӊ жұмыс сапасы оқушыларыныӊ түрлі байқауларда жеӊімпаз атануымен және өздеріӊіздіӊ жеке кәсіби біліктіліктеріӊізбен айқындалады", - деп атап өтті өзініӊ құттықтау сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысыныӊ Жолдауын жүзеге асыру барысында бюджет қаржысы есебінен қалада тағы да 8 жаӊа мектеп салынады.

Жыл басынан бері жаӊарған әдіспен дәріс беруге көшкен Алматы мұғалімдерініӊ 70%-ыныӊ жалақысы 30%-ға өсті. Ұлттық тестілеуден өткен 1293 мұғалім 1 қыркүйектен бастап алғаш рет өздерініӊ қызметтік жалақысына 30 дан 50%-ға дейін қосымша үстеме алатын болады.

Бұдан өзге, мемлекет ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерге қолдау көрсетуде. Биыл міне, екінші жыл физика, химия, биология,информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарға өздерініӊ қызметтік жалақысыныӊ үстіне 200%-дық көлемде қосымша ақы төленеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны