10.01.2018, 23:32 5884

Алматыда "Үздік жаӊа жылдық безендіру" конкурсыныӊ қорытындысы шығарылды

Ұйымдастырушылар атап өткендей, жұмыстарды бағалау барысында нысандардыӊ сыртқы келбеті мен маӊайдағы аумақтарды безендірудегі креативтілік, көркемдік ерекшелік және ұтымды композициялық шешім басты назарға алынды.

Алматы. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда "Үздік жаӊа жылдық безендіру" конкурсыныӊ қорытындысы шығарылды, бұл байқауға қаланыӊ 295 кәсіпкерлік нысандары мен түрлі мекемелер қатысты. Ұйымдастырушылар атап өткендей, жұмыстарды бағалау барысында нысандардыӊ сыртқы келбеті мен маӊайдағы аумақтарды безендірудегі креативтілік, көркемдік ерекшелік және ұтымды композициялық шешім басты назарға алынды.

Конкурс 12 номинация бойынша өтті. Сонымен, "СКО үздік безендіру" номинациясы бойынша "Mega Park", "Отелді үздік безендіру" бойынша "The Ritz-Carlton Almaty" жеӊімпаз атанды. Өндіріс орындары арасында "Нобель" фармацевтік фабрикасы жүлдегер деп танылды. "Бизнес- орталықты үздік безендіру" жүлдесі Еуразиялық қамсыздандыру компаниясына берілді. Оқу орындары арасындағы бәсекеде № 157 мектеп пен С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жеӊімпаз атанды. Тамақтану орындарын, медицина және мәдени - демалыс мекемелерін безендіру бойынша (магазиндер, кафелер, мейрамханалар және басқалары) Urban coffee кафесі, Villa dei Fiori мейрамханасы, "Алматы" санаторийі, "АПТЕКАПЛЮС" дәріханасы, Ayrat nadrov магазині мен "Эллада" сұлулық салоны үздік деп танылды.

Айта кетерлігі," Жаӊа жылдық үздік безендіру 2019" конкурсына қатысу үшін өтінімді 2019 жылдыӊ 1 қазанына дейін беру қажет, нысандарды безендіру 2019 жылдыӊ 15 қарашасында аяқталуы және безендіру 2019 жылдыӊ 1 желтоқсанынан 15 ақпанға дейін сақталуы тиіс. Конкурсқа өз ғимараттарыныӊ сыртын және жақын орналасқан аумақты безендірген кез- келген кәсіпорын, шағын және орта бизнес объектілері, қала мекемелері қатыса алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны