06.06.2013, 14:51 18544

Алматыда үздік жатақхана анықталды

Алматы қалалық жастар саясаты жөніндегі басқарманың хабарлауынша, 2013 жылдың сәуір айында Алматыда жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен студенттік жатақханаларға рейд жүргізілген. Күн сайын басқарма қызметкерлері қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, жатақханалардағы тұрмыстық жағдайға мониторинг жүргізді. Рейд қорытындысы бойынша 2013 жылдың 7-ші маусымында "Ең үздік студенттер үйі" және "Ең таза студенттер үйі" аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Алматы. 6-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда үздік жатақхана анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қалалық жастар саясаты жөніндегі басқарманың хабарлауынша, 2013 жылдың сәуір айында Алматыда жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен студенттік жатақханаларға рейд жүргізілген. Күн сайын басқарма қызметкерлері қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, жатақханалардағы тұрмыстық жағдайға мониторинг жүргізді. Рейд қорытындысы бойынша 2013 жылдың 7-ші маусымында "Ең үздік студенттер үйі" және "Ең таза студенттер үйі" аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.

"Өкінішке орай тұру ақысы қымбат болғанымен ешқандай жағдай жасалмаған жатақханалар бар. Олар Қонаев атындағы Алматы университеті, АГТУ, Азаматтық авиация академиясы. Қала әкімі Ахметжан Есімов бұл кемшіліктерді жоюға тапсырма берді. Сондықтан аталған оқу орындары студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жасауын қадағалаймыз",-деді жастар саясаты басқармасының жетекшісі Санжар Боқаев.

Мониторинг қорытындысы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникация академиясы үздік болып танылды. Ал Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ жатақханалары "ең таза" аталымы бойынша марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны