15.08.2008, 19:09 2906

Алматыда велосипед инфрақұрылымын құру қажеттігіне назар аудару мақсатында веложарыс өтеді

Алматыда велосипед инфрақұрылымын құру қажеттігіне назар аудару мақсатында веложарыс өтеді

Алматы. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда қала басшылығының назарын велосипед инфрақұрылымын құру қажеттігіне аудару мақсатында веложарыс өтеді. Бұл туралы Қазақстанның қауымдастықтары мен кәсіпорындарының "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов агенттік тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

"Біз осыдан 10 жыл бұрын велосипед жолдарын салу жобасын жасағанбыз. Жоба әкімдіктің кабинеттерінің бірінде жатыр. Ол жобаның ешқандай күрделілігі жоқ, тек әкімдіктің жігері болса жетеді, қалғанын біз өзіміз әлдеқашан жүзеге асырар едік", - деді М. Елеусізов.

"Біз жылы аймақта жатырмыз. Мұндай велосипедтерді үлкен табыспен пайдалануға болады. Бұл экологиялық тұрғыда ең таза көлік құралы", - деді ол.

Алайда, экологтардың қала басшылыға жасаған талай өтініштері жауапсыз қалды. Кезекті акция қалада веломәдениетті дамытуға кедергі келтіріп отырған тауқыметке қайткенде назар аудартуға тиіс, сол себепті экологтар қаладағы барлық велосипедшілерді оған қатысуға шақырады.

Сонымен бірге, экологтың айтуынша, қала жұртшылығының атынан Алматы әкімі Ахметжан Есімовқа қалада веложолдар, велопарктер мен велотұрақтар салу жөнінде бірқатар ұсыныстар жолданған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны