02.03.2011, 15:52 4128

Алматыда зейнеткерлер мен студенттерге арналған қосымша жол жүру билеттері шығарылатын болды

Алматыда зейнеткерлер мен студенттерге арналған тағы 60 мың қосымша жол жүру билеттері шығарылатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 2 - наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда зейнеткерлер мен студенттерге арналған тағы 60 мың қосымша жол жүру билеттері шығарылатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Белгілі болғандай, 2011 жылдың 28-ақпанында Алматының жоғарғы оқу орындары мен орта мектептері толық тапсырыс бермеген. Осының салдарынан "Алматыгортранс" ЖШС дайындаған жол жүру билетері жетпей қалған.

Сондай-ақ, "Алматыгортранс" ЖШС зейнеткерлерге арнап дайындайтын жол жүру билетін зейнеткерлердің барлығы дерлік қолданбайтын. Жол ақысына берілген жеңілдіктің алынып тасталуына байланысты зейнеткерлер жол жүру билетін сатып ала бастаған. Бүгінде 23 мың жол жүру билеті сатылған. Алматы қаласында тұратын зейнеткерлер саны 164 мыңды құрайды. Қажет болған жағдайда қосымша билеттер әзірленетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласы мәслихатының шешімімен 2011 жылдың 1-наурызынан бастап жеңілдік көрсетілетін жолаушыларға арналған қоғамдық көлікте жүру ақысы өзгерген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны