26.02.2016, 18:19 4844

Алматыда жаяу жүргіншілерді басып кете жаздаған "Хаммер" жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)

Тексеру нәтижесіне сәйкес жүргізуші ҚР ИқК 596-бабыныӊ 3-бөлімі, 600-бабыныӊ 1-бөлімі, 599-бабыныӊ 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда жаяу жүргіншілерді басып кете жаздаған "Хаммер" көлігініӊ жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қымбат көлікті тізгіндеген жүргізушініӊ әрекетін бақылаған жергілікті полиция қызметі оныӊ жол ережесін бірнеше рет бұзғанын анықтады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Тексеру нәтижесіне сәйкес жүргізуші ҚР ИқК 596-бабыныӊ 3-бөлімі, 600-бабыныӊ 1-бөлімі, 599-бабыныӊ 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер оған қатысты үш әкімшілік хаттама толтырды.

Өндіріс әкімшілік істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотқа жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны