14.06.2017, 23:25 3886

Алматыда жаяу жүргіншілерге жайлы болу үшін бірқатар көшелер қайта жасалады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапары аясында қаладағы жаяу жүргіншілер аймақтарын қайта жасау жөнінде көшпелі кеӊес өткізді. Биылғы жылы әр ауданда 16 жаяу жүргінші аймағы жасалады, сонымен қатар Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаӊында жаяу жүргіншілерге басымдық беріледі.

Алматы. 14 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапары аясында қаладағы жаяу жүргіншілер аймақтарын қайта жасау жөнінде көшпелі кеӊес өткізді. Биылғы жылы әр ауданда 16 жаяу жүргінші аймағы жасалады, сонымен қатар Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаӊында жаяу жүргіншілерге басымдық беріледі.

Алматыда қала тұрғындарына жайлы болу үшін оӊ шаралар жүйесі одан әрі жалғасуда, яғни саябақтар мен скверлер, жаяу жүргінші аймақтары қайта жасалып, веложолдар салынуда, қоғамдық кеӊістікті қалқалап тұратын қоршаулар алынып тасталуда.

Қаланыӊ Алмалы ауданындағы Дүйсенов көшесі Аренский көшесінен Гайдар көшесіне дейін, Қарасай батыр көшесі Абылай хан көшесінен Масанчи көшесіне дейін толық көгалдандырылады. Бостандық ауданында Тимирязев көшесініӊ учаскесі Есентай өзенінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі ұзындығы 2,5 шақырым аймақта қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр.

Жоба бойынша брусчаткалар төселіп,арықтар созылады, урналар қойылып, қоршаулар және басқалары алынып тасталады. Бұлардыӊ орнына спорт инвентарьлары орнатылып, балалар алаӊдары пайда болады, ағаштар отырғызылады, жасыл желекті қоршаулар, клумбалар жасалады.

Жалпы, биылғы жылы әр ауданда 16 жаяу жүргінші аймағы жасалады, сонымен қатар Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаӊында жаяу жүргіншілерге басымдық беріледі,- деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны