22.07.2015, 18:30 3237

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полиция қызметкерлерініӊ айтуынша, апат өткен демалыста Фурманов көшесініӊ бойында орын алған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жүргізілген іздестіру жұмыстарыныӊ н?тижесінде Бостандық ауданыныӊ 28 жасар тұрғыны ұсталды.

"Күдікті қас қарайған уақытта көшеде келе жатқан адамды көрмей қалғандығын айтты. Аталған дерек ҚР ҚК 345 ж?не 347-бабы бойынша бірыӊғай соталды тергеу ісі тізіліміне тіркелді. Қазір күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды", - деді қалалық ІІД-ініӊ анықтау басқармасыныӊ басшысы Рустам ?бдірахманов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны