11.11.2018, 22:34 7612

Алматыда жайлы қала кеӊістігін қалыптастыру барысында жаӊарған даӊғылдарға бірден бірнеше жаӊа фонтандар салынды

Республика Сарайы алдындағы Абай алаӊында бірден бірнеше жаӊа фонтандар жұмыс істей бастады.

Алматы. 11 қараша. Kazakhstan Today - Алматыда жайлы қала кеӊістігін қалыптастыру барысында жаӊарған даӊғылдарға бірден бірнеше жаӊа фонтандар салынды. Тіпті, қаланыӊ тарихи орталығын реконструкциялау кезінде "ұмыт қалған" алматылық субұрқақтар жөнделіп, іске қосылды.

Мысалы, ҚТЖ ғимаратыныӊ алдындағы бұрынғы көлік тұрағыныӊ орнына жаӊа фонтан пайда болды. Назарбаев даӊғылы бойында бірнеше жаӊа әрі құрғақ субұрқақтар іске қосылды.

Абай даӊғылы бойындағы жаӊа фонтандар да көпшіліктіӊ көӊілінен шығады, оныӊ ішінде Спорт және туризм академиясы мен Түрксіб ауруханасыныӊ бұрынғы үйі алдындағы фонтандар көз тартатын болады.

Ұлттық кітапхана мен Байсейітова көшесі арасындағы фонтан құрылысы аяқталды. Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театры алдындағы фонтан жөнделді.

Республика Сарайы алдындағы Абай алаӊында бірден бірнеше жаӊа фонтандар жұмыс істей бастады.

Абылай хан даӊғылы Шевченко мен Қарасай батыр көшелерініӊ қиылысындағы ескі фонтандар реконструкцияланды. Құрманғазы атындағы консерватория алдына жаӊа фонтан салынды. Бұлардан өзге, Алматы-2 теміржол вокзалыныӊ маӊайында құрғақ фонтандар пайда болды.


Реконструкциядан өткен Орталық саябақтыӊ шығыс жағында жазғы сахна маӊына алма ағашы бейнесіндегі түрлі бояумен айшықталған жаӊа фонтан анадайдан көз тартады. Мұнда 10 жыл бойы бос тұрған субұрқақ жөнделіп, іске қосылды.

Жаӊа фонтандар салу мен ескілерін жөндеу кезінде қайтарма сумен қамтамасыз ететін әрі түрі пішінді, су қарқынын, галогенді шамдар беретін түрлі түсті жарық көздерін басқаратын озық технологиялар қолданылды.

Қысқы маусымда инженерлік коммуникациялар қатып қалмауы үшін барлық фонтандар дұрыс бекітілді.

Айта кетерлігі, Алматыда қазірдіӊ өзінде тарихи орталықтыӊ 60 пайыздан астамы жаӊарды, 524 көше, 1400 ескі аула жаӊарды. 300 км арық салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желі тартылды.

Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарыныӊ үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады, ал жаӊа қоғамдық көліктіӊ үлесі 87%-ға дейін жетеді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны