22.05.2008, 19:52 6550

Алматыда жақын уақытта қатты жер сілкінісі болады деген сөзге негіз жоқ - Божко

Алматыда жақын уақытта қатты жер сілкінісі болады деген сөзге негіз жоқ - Божко

Алматы. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жақын уақытта қатты жер сілкінісі болады деген сөзге негіз жоқ , деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Владимир Божко "Қазқұтқару - 2008" жарыстарының ашылуы алдында, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Маған айтқанындай Алматыда қатты жер сілкінісі болады деген қауесет таралуда. Менің пікірімше бұл жай бос сөз. Оған ешқандай дәлел жоқ", -деді министр.

Ол атап өткеніндей, Алматыда 3-4 баллды жер дүмпуі жиі болады. Оның пікірі бойынша "жер қатпарларында қатты кернеулік жоқ, ол ақырындап төмендеп кетіп бара жатыр. Сондықтан Алматыда ол болмайды".

Ол айтқанындай жер сілкінісін болжап айту өте қиын, сондықтан оған дайын болу керек .

"Жер сілкінісі қашан болатынын дөп басып айту қиын. Оны екі, үш күн, бір апта, үш ай бұрын болжам айту күрделі. Сондықтан тұрғындарды жер сілкінісіне дайын болу шараларын жүзеге асыру керек, сондай-ақ ғимараттар мен нысандарды осындай табиғи апаттарға дайындау керек ", - деді В. Божко.

Оның сөздері бойынша министрлік Алматының сеисмикасын күшейту жөніндегі 2006 жылы қабылданған бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Сонымен қатар "құтқарушыларға үйінділер астында жатқан адамдарға көмек көрсету амалдары үйретіліп жатыр. Біз алдыңғы шеп базасында госпиталдерді орналастырумен байланысты апаттық медицинаны дайындап, денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асырып жатырмыз, яғни дайындықтар үнемі жүргізілуде, біз одан сақтандырылмағанымызды түсінеміз ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны