27.07.2018, 16:05 3912

Алматыда Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмніӊ түсірілімдері басталғалы жатыр

Аталған спорттық драма Қазақстанныӊ Еӊбек Ері, грек-рим күресініӊ палуаны, Илем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еӊбек сіӊірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы - Жақсылық Үшкемпіровтіӊ өмірі туралы баяндайды.

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында "Жеӊімпаз" атты (жұмыс атауы) киножобаныӊ қорғалымы өтті. Бұл отырыста фильмніӊ шығармашылық тобы атқарған жұмыстары туралы және түсірілімге дайын екенін жеткізді. Картинаныӊ сценарий авторы әрі қоюшы режиссері - жүзден астам деректі фильмніӊ авторы Бақыт Қайырбеков.

Аталған спорттық драма Қазақстанныӊ Еӊбек Ері, грек-рим күресініӊ палуаны, Илем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еӊбек сіӊірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы - Жақсылық Үшкемпіровтіӊ өмірі туралы баяндайды.

- Бұл көркем фильм жанрында түсіргелі отырған меніӊ алғашқы туындым. Картина 48 кг салмақтағы Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ - Жақсылық Үшкемпіров туралы. Ол түрлі мемлекет дәрежесіндегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінсе де, спортшыға халықаралық ареналарға шығуға мүмкіндік бермеген. Тек 1980 жылы ғана ол Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алып, әлемдік деӊгейде өнерін көрсете алды. Фильм Оӊтүстік Қазақстан ауылдарыныӊ бірінде дүниеге келген спортшыныӊ балалық шағынан бастап, бүкіл Кеӊес одағы қошеметпен қарсы алған палуанныӊ Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктеріне дейінгі өмір жолын бейнелейді, -деді фильмніӊ режиссері Бақыт Қайырбеков.

Қатарында кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов, кинодраматург Смағұл Елубай бар "Қазақфильмніӊ" Эксперттік кеӊес мүшелері алдында түсірілім тобы көрме ұйымдастырған. Онда фильмде қолданылатын реквизиттер мен совет одағы дәуіріндегі спорттық костюмдер қойылған. Эксперттік кеӊес алдында сөз алған фильмніӊ бас продюсері Тасболат Мерекенов түсірілімдер Өскемен, Талдықорған, Алматы және Алматы облысында жүретіндігін айтты. Сонымен қатар, кей сахналар Беларуссияда өтетінін де хабарлады. Айта кетелік, фильмніӊ түсірілім жұмыстары шіледіӊ 29 басталып, қыркүйектіӊ соӊына дейін жалғасады.

- Жақында ғана Қытайда өткен ШҰЫ аясындағы кинофестивальде "Қазақфильм" мен "Беларусьфильм" ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осы іс-шарадан соӊ, Минскіге түсірілім тобымен барып, ондағы спорт нысандарын, 80-ші жылдарды еске салатын қажетті реквизиттерді көріп қайттық. Минскіде 80-ші жылдардағы Мәскеуге ұқсайтын көшелер сақталған екен. Онда заманауи жарнама, дүкендер мен мейрамханалар жоқ. Минскідегі түсірілімдер тамыз айына белгіленген, - деп қосты режиссер.

Кастинг-директор Айжан Дүйсембаевныӊ айтуынша биыл наурыз айында жарияланған республикалық кастингке 1000 астам жасөспірім мен жеткіншек қатысқан. Ұзақ фото және видео сынақтан кейін басты рөлге Елнар Назарқұл мен Санұржан Сүлейменов бекітілген. Олар Жақсылық Үшкемпіріовтіӊ бала кезі мен жеткіншек шағын сомдайды. Ал театр актері Олжас Сақ жігіт шағын ойнайтын болса, Қазақстанныӊ Халық артисі, Жезқазған театрыныӊ актері Досжан Жанботаев 60- жастағы спортшыныӊ образын жасайды.

Эксперттік кеӊес мүшелері жобаны қорғау барысында фильмге қатысты ойларын айтып, түсірілім тобына сәттілік тіледі. Атап айтар болсақ, Сатыбалды Нарымбетов: "Маған таӊдаған актерлер ұнап отыр. Олар танымал емес. Жаӊа актерлер. Бұл - картинаға шынайылық береді. Топ жақсы кино түсірсін деп тілеймін, өйткені Жақсылық Үшкемпіров кино кейіпкері болуға лайықты тұлға". Сатыбалды Нарымбетовтыӊ сөзіне қосылған Смағұл Елубай былай деді: "Біз Жақсылық Үшкемпіровтыӊ өмір жолын білеміз. Оныӊ жеӊімпаз екені де бізге анық. Десе де фильмніӊ соӊына дейін оныӊ жеӊімпаз атанатыны белгісіз болуы тиіс. Түсірілім тобына толық сенім білдіре отырып, сәттілік тілеймін".

Анықтамалық ақпарат:

Атауы: "Жеӊімпаз"

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Жанры: спорттық драма

Сценарий авторы: Бақыт Қайырбеков

Қоюшы режиссері: Бақыт Кайырбеков

Қоюшы операторы: Марс Умаров

Қоюшы режиссері: Өмірзак Шманов

Костюм жөніндегі суретші: Шолпан Машрапова

Грим жөніндегі суретші: Алевтина Пагина

Бас продюсері: Тасболат Мерекенов

Атқарушы продюсерлері: Амантай Тохаров, Зарина Кисикова

Кастинг-директоры: Айжан Дүйсембаева

Картина директорлары: Құрмет Жанаев, Айгүл Черендинова

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны