24.06.2015, 15:05 3348

Алматыда жалған сақтандыру полисін сатып келген алаяқтыӊ үстінен 66 қылмыстық іс қозғалды

Алматыда автокөлік иелеріне жалған сақтандыру полисін сатып келген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматы. 24 Маусым. Kazakhstan Today - Алматыда автокөлік иелеріне жалған сақтандыру полисін сатып келген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ішкі істер органыныӊ мәліметінше, Алатау ауданында қазір 23 жастағы жігітке қарсы 66 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Ер адам сақтандыру компаниясыныӊ агенті екендігі анықталды. Алайда, ол қызметін асыра пайдаланып, жалған сақтандыру бланктерін де сатып келген. Сұрақ-жауап кезінде ол аталған бланкілерді Ж. есімді азаматтан алғанын айтты. Сәйкесінше, бұл қағаздар сақтандыру компаниясыныӊ есебінде тіркелмеген. Жалған полистерді ондаған жүргізуші сатып алған. Ал, олар өз кезегінде алаяққа ұрынғандығын аӊғармаған", - деді Алатау аудандық ІІБ басшысы Бақыт Қасабеков.

Аудандық ІІБ-да мәлімдегендей, біраз уақыттан соӊ заӊ органдарына шикілікті аӊғарған сақтандыру компаниясы мен бірнеше автокөлік иелері шағымданып келді. Қазіргі таӊда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабыныӊ 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны