14.09.2009, 18:41 3081

Алматыда жалпықалалық сенбілік кезінде 5316 текше метр қоқыс шығарылды

Алматыда жалпықалалық сенбілік кезінде 5316 текше метр қоқыс шығарылды

Алматы. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда жалпықалалық сенбілік кезінде 5316 текше метр қоқыс шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Жалпықалалық сенбілікке 106 мың адам қатысып, көшелерді, бульварларды, парктер мен скверлерді, өзендерді, құрылыс нысандарының, денсаулық сақтау және жоғары, орта арнаулы оқу орындарының іші мен сыртын, айналасын тазартты.

Жалпықалалық сенбілік үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегінде аталып өтетін Қала күні қарасыңында ұйымдастырылған болатын.

Аудан әкімдіктері сенбілікке келген жандарды қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етті. Бір рет талон беру басқармасы мен "Алматы паркинг" МҚК қоқыс қалдықтары үшін 35 мың қап таратты.

Жолаушы көлік және автомобиль жолдары, құрылыс, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармалары жиналған түрлі қоқысты сыртқа шығару үшін 52 дана арнайы техниканы бөлді.

474 техника қаладан 5316 текше метр қоқысты шығарды. Жалпы осы сенбілік күні 194 шақырым арық пен магистральды көшелер, 32,5 шақырым болатын Ү. Алматы, К. Алматы, Султанка, Қарасу, Жарбұлақ, Мойка, Есентай, Қарғалы, Алматы облысы мен Сайран өзендерінің жағалаулары, ҮАК-ның 1,5 шақырымы да қоқыстан тазартылды. Тазарту барысында 47 стихиялы қоқыс жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны