13.04.2010, 16:22 3397

Алматыда жан басына шаққанда 15 шаршы метрден кем аумақта азаматтарды тіркеуге қоюға тыйым салынды

Алматыда жан басына шаққанда 15 шаршы метрден кем аумақта азаматтарды тіркеуге қоюға тыйым салынды

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы мәслихатының депутаттары дүйсенбі күні өткен сессиясы барысында қала аумағындағы көші-қон процесстерін реттеу тәртібін бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Икім аппаратының жетекшісі Бақытжан Доспановтың хабарлауынша, "бұл тәртіппен Алматы қаласында тұрақты тұру мақсатында пайдаланылатын және белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да нормалар мен талаптарға сай келетін үйлерде, пәтерлерде, жатақханаларда, сондай-ақ, бақшашылар қоғамындағы саяжайлар мен кооперативтерде жан басына шаққанда 15 шаршы метр аумақта баспана беру нормасына сәйкес, одан кем аумақта азаматтарды тіркеуге қоюға тыйым салу ережесі белгіленеді".

"Басқа қалалардан келіп жатқан ел азаматтары мен шетелдіктердің ағынын реттей алмау ахуалы белгілі бір қиындықтар туғызып, қаланың инфрақұрылымына кері әсерін тигізуде: бұлар электр қуатының, әлеуметтік нысандардың тапшылығы, жер ресурстарының шектелуі және басқа да баршаға мәлім қиындықтар, ал бұлар өз кезегінде жұмыссыздықтың өсуіне, әлеуметтік шиеленістерге апарып соқтырып, қала тұрғындарының әділетті наразылығын тудыруда", - деді Б. Доспанов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, "Алматы қаласында күнкөріс қаржысының жоқтығы мен тұрғылықты жердің болмауы криминогендік ахуалды ушықтыруға түрткі болуда".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны