28.06.2012, 15:09 4831

Алматыда жаңа әскери госпиталь ашылды

Алматыда бүгін әскери клиникалық госпитальдің жаңа ғимаратын ашу салтанаты өтті, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 28-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда жаңа әскери госпиталь ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда бүгін әскери клиникалық госпитальдің жаңа ғимаратын ашу салтанаты өтті, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"300 орынды жаңа медициналық кешен құрылысы екі жыл бұрын басталды. Бұл әскери клиникалық госпиталь Красногор көшесіндегі 70-ші разъезде орналасқан", - делінген баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында.

Ашылу салтанатына Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков пен Алматы әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

Бір жарым мыңнан астам шаршы метрді алып жатқан госпиталь жаңа үлгіге сай салынған.

Бұған дейін әскери госпиталь бөлімінің жартысы қаланың басқа бөлігінде орналасқан. Науқастарды көбінесе бір жерден екінші жерге тасуға тура келетін.

"Искери клиникалық госпиталь жұмыс істеп тұрғалы бері стационарлық бөлімшенің түгелімен бір жерде орналасуы әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелері мен қарулы күштер ардагерлеріне дәрігерлік көмек көрсетудің маңызды шарты болып табылады", - дейді Қорғаныс министрі И.Жақсыбеков.

Жаңа ғимаратта емге қажетті заманауи қондырғылар іске қосылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны