06.07.2017, 14:56 6289

Алматыда жаӊа автобус бағыттары ашылады

Алматыда қалаға қосылған елді мекендердегі тұрғындарды, соныӊ ішінде таулы жерлерде тұратындарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 10 шілдеден бастап жаӊа автобустардыӊ бағыттары ашылады

Алматы. 6 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда қалаға қосылған елді мекендердегі тұрғындарды, соныӊ ішінде таулы жерлерде тұратындарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 10 шілдеден бастап жаӊа автобустардыӊ бағыттары ашылады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл маӊызды істі жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет есебінен түрлі жолмен жүруге бейімделген Евро-4 экологиялық стандарттағы 45 дизельді автобустар алынған еді.

Жаӊа бағыттар тұрғындар мен әкімдіктерден түскен өтінімдер негізінде жасалды. Бүгінгі күнге дейін қажетті жылжымалы составтыӊ жоқтығы салдарынан жоғарыда аталған бағыттарға көлік қатынамайтын,- деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Биылғы жылдыӊ 10 шілдесінен бастап "Алматыэлектротранс" ЖШС мына бағыттар бойынша көлік қозғалысын қамтамасыз етеді: № 26 (Таужолы - Қалқамандағы №7емхана), № 40 (Жұмысшылар поселкесі - Мақатаев көшесі), № 125 (Көкжиек - "Армада" сауда үйі). 17шілдеден бастап мына бағыттар бойынша автобустар жүре бастайды: №14 (Қарағайлы - "Барыс-3" базары), № 15 (Алатау совхозы - "Алтын Орда" базары).

"Алматыэлектротранс" ЖШС-ніӊ коммуналды кәсіпорнына ЛИАЗ маркалы 15 автобус берілді. 9,5 метрлі төмен еденді бұл автобустар Евро-5 экологиялық стандартына сай, кондиционерлермен, мүгедектер үшін арнайы көтергіштермен жабдықталған. Құжаттарды дайындау жөніндегі барлық іс-шара біткен соӊ олар 1 тамыздан бастап мына бағыттар бойынша жолға шығады: №28 (.Орбита 2,4 - ГЭС 2), №68 (Ил- Фараби даӊғылы - Ремизовка саяжайлары).

Сонымен қатар, қала бағыттарындағы жылжымалы составты жаӊарту мақсатында жыл аяғына дейін 300 заманауи жаӊа автобустар алу үшін Алматы әкімдігі 11,5 млрд. теӊге бөлді.

Бұдан бұрын сарапшылар Қазақстанныӊ даму бағдарын барынша ашып айқындайтын президенттіӊ үш жолдауын атап көрсеткен болатын. Бұлар - "Илеуметтік-экономикалық жаӊғырту - Қазақстан дамуыныӊ басты бағыты", "Қазақстан халқыныӊ әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттыӊ басты мақсаты", "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаӊару жолында" атты жолдаулары.

Президент жолдауларында Қазақстан халқыныӊ әл-ауқатын арттыруға баса назар аударылады және ол мемлекеттік саясаттыӊ басты мақсаты деп белгіленген. Бұнда басты рөл "халық үшін нақты нәтижеге" бағытталған жеке инвестициялар мен жобаларға беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны