13.01.2018, 21:44 5068

Алматыда жаӊа автобус бағыттары ашылды

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаӊалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін сыйымдылығы шағын автобустар қатынайтын жаӊа екі №46 және №122 бағыттары ашылды.

Алматы. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаӊалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін сыйымдылығы шағын автобустар қатынайтын жаӊа екі №46 және №122 бағыттары ашылды.

Айта кетерлігі, Жетісу ауданы тұрғындарыныӊ өтінімдері бойынша № 46 бағыты ашылды, көлік Первомайка ықшам ауданын - Универсалды базарды - Құлагер елді мекенін - Жетісу аудандық әкімдігін - Белинский көшесін қамтып,"Алматы-1" теміржол вокзалына дейін барады. Бұл бағыт бойынша жылжымалы состватыӊ 10 бірлігі қызмет көрсетеді, интервал 10 минут. Болжамдағы жолаушылар легі - тәулігіне 3000 адам.

Алатау ауданындағы Рахат және Мәдениет елді мекендері тұрғындарын көлікпен қамту үшін бұрын бір ғана автобус қатынайтын №122 бағытына трассификация бойынша өзгеріс енгізілді, енді көлік мыналарды қамтиды: Рахат, Мәдениет ықшам аудандары - №196 мектеп - М.Шоқай көшесі - Орталық - ҮАК- Саялы - ХҚКО авто - Ақын Сара көшесі - Б.Момышұлы көшесі - Универсиада көшесі - Алатау ауданыныӊ ХҚКО. Бүгіннен бастап бұл бағыт бойынша бес автобус жүруде, интервалы 20 минут.

Еске салсақ, бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаӊа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаӊарып, №201 магистральды бағыт ашылған еді.

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда биылғы жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған болатын, олардыӊ 210- ы бағыттар бойынша жолда жүр, 180 жаӊа автобус ақпан айыныӊ соӊына дейін кезеӊмен бағыттарға шығады.Жеке тасымалдаушылар да 254 жаӊа автобус алды,олардыӊ 91 - і қала жолдарында қызмет көрсетуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны