01.04.2008, 13:59 4802

Алматыда жаңа баспана алғандар бір айдан бері жарықсыз, жылусыз, газсыз отыр - телеарна

Алматыда жаңа баспана алғандар бір айдан бері жарықсыз, жылусыз, газсыз отыр - телеарна

Алматы. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жаңа баспана алғандар бір айдан бері жарықсыз, жылусыз, газсыз отыр, деп хабарлайды агенттік КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарнаның ақпараты бойынша, мемлекеттік шенеуніктер жаңа пәтерлердің кілтін бір ай бұрын алған болатын. Олар мемлекеттік бағдарлама бойынша баспананы бірнеше жыл бойы күткендіктен, көп қабатты үйдің ішінде газ, су электр қуатының бар жоғына мән бермеген. Бір ай өткенімен үй осы күнге дейін коммуникация жүйесіне әлі қосылмады.

Үйдің бір тұрғыны айтқанындай, ол өзінің пәтерінде " кір жуып тамақ пісіруге, тіпті киім үтіктеуге мүмкіндігі жоқ".

"Үй жарты жыл бұрын тапсырылып, пәтерлердің кілттері көктемге қарай ғана қолға берілді. Ал электр қуатын, газбен суды жақында қосамыз деп уәде берген болатын, алайда олар енді бізден қашып жүр", -деп хабарлайды телеарна.

"Бұл департаменттегілердің жауапсыздығынан туындап отыр. Олар пәтерлерді тексерместен қабылдап, тиісті құжаттарын тапсырған. Мысалы, менің пәтерімде бір патрон жоқ, линолеум көтеріліп тұр, яғни жай ғана төселе салған. Ал кейбіреулерінің тіпті терезелері дұрыс қойылмаған", - деді жаңа баспананың иесі.

"Үй құрылыс департаменті қызметкерлерімен кездесуге мүмкіндік болмады. Оларды шұғыл түрде әкімдікке шақырылған көрінеді. Сондай-ақ, құрылыс компаниялардың басшылығы да әкімдікке кетті", - деп хабарлады телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны