11.04.2018, 19:20 6931

Алматыда жас отбасылар алғашқы төлемсіз 5%-дық несиеге пәтер алады

Бүгін Алматыда өткен қаланыӊ Қоғамдық кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек "Алматы жастары" бағдарламасы аясында жас отбасылар алғашқы төлемсіз 5%-дық несиеге пәтер алады деп хабарлады

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда өткен қаланыӊ Қоғамдық кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек "Алматы жастары" бағдарламасы аясында жас отбасылар алғашқы төлемсіз 5%-дық несиеге пәтер алады деп хабарлады.

"Еӊ алдымен біз әлеуметтік қолдауға зәру жандарға көмек көрсетеміз. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша мемлекеттік бала бақшалардыӊ ақысы екі есе төмендеді. Алматыда қабылданған Жастарға қолдау көрсету картасы аясында студенттер жатақханасы салынуда, жас отбасылар пәтер алу үшін алғашқы төлемсіз 5%-дық несие алады",- деді әкім.

Оныӊ айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыруға өткен жылы 1 миллиард теӊге бөлінсе, биылғы жылы 2 миллиард теӊге бөлінеді.

Сонымен бірге Алматыдағы 6 университетте жатақханалар салу көзделген. Бұл жатақханаларға деген сұранысты шамамен 5,8 мыӊ орынға төмендетеді.

Еске сала кетейік, бүгін өткен қаланыӊ Қоғамдық кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласыныӊ әкімдігі егде адамдарды белсенді өмірге тарту, олардыӊ әлеуетін тиімді пайдалану, ұрпақтар үндестігін қалыптастыру,аға ұрпақты қолдау мақсатында "Белсенді ұзақ өмір" атты Жол картасыныӊ жобасын жасағанын хабарлаған болатын. Бұл егде адамдарға жақсы жағдай жасауға бағытталған жоба.

"Дегенмен, азаматтар арасында қамқорлықты қажет ететін тағы бір топ бар. Олар - бүгінгі күні Алматыныӊ 12 пайызын құрайтын егде жандар. ЭЫДҰ мүше елдерде 60 және одан да жоғары жастағылар зейнетақымен шектелмей, толыққанды өмір сүруде. Біздіӊ қарттарымыз да өздерін тыӊ әрі қамқорлықта екендіктерін сезінулері тиіс.Сондықтан биылғы жылды біз Алматыда аға ұрпаққа қолдау көрсету аясында өткізетін боламыз", - деді Бауыржан Байбек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ мәліметтері бойынша зейнеткерлерді белсенді өмірге тарту - олардыӊ жақсы өмір сүруі мен ұзақ жасауыныӊ басты құралы болып табылады. Қазіргі кезде Алматы қаласында 222 мыӊ зейнеткер бар немесе олар жалпы тұрғындардыӊ 12,5% құрайды.

Икімніӊ айтуынша, Алматыны 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасыныӊ басты принципі - әр адамға деген қамқорлық болып табылады. Оныӊ аясында жастар, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар мен басқалар қолдау шараларына қамтылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны