07.08.2018, 16:58 6258

Алматыда жас отбасылардыӊ арасында алғаш рет "Үздік жас отбасы-2018" әлеуметтік бейнежазба бойынша байқау өтеді

Бейнежазбаға отбасылық саясат, отбасын сақтау мен бірлігін нығайту, дәстүрді берік ұстану, демография мәселелері төӊірегіндегі сұрақтар арқау бола алады.

Алматы. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда алғаш рет "Үздік жас отбасы-2018" әлеуметтік бейнежазба бойынша байқау өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Байқау мақсаты - жас отбасылардыӊ шығармашылық қырын ашып, бұл бастамаға ел аймағындағы отбасыларды тарту. Бейнежазбаға отбасылық саясат, отбасын сақтау мен бірлігін нығайту, дәстүрді берік ұстану, демография мәселелері төӊірегіндегі сұрақтар арқау бола алады.

"Үздік жас отбасы" байқауы 5 тамыз күні "SmArt.Point" кеӊістігінде басталады. Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, сайыс тату-тәтті отбасы үлгісін қалыптастырып, қоғамныӊ көзқарасын жаӊартады.

"Жас әрі креативті шаӊырақ иелері өз таланттарын дәлелдеп қана қоймай, бірлесіп жасаған туындыларынан ләззат алып, адамдармен қарым -қатынас шеӊберін кеӊейте алады. Сайыскерлердіӊ жұмысын Алматы мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген, әнші, екі баланыӊ әкесі Медеу Арынбаев, блогер, екі баланыӊ анасы Сабира Жарасқызы сынды қазылар бағалайды. Байқау жеӊімпазына 200 000 теӊгеге дейін отбасылық техникаларды сатып алу мүмкіндігі беріледі", - деді ұйымдастырушы "Еріктілер Лигасы" қоғамдық қорынан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны