31.10.2016, 17:03 12096

Алматыда жастардыӊ ұйымдастыруымен тыӊ идеяларды тарату жөніндегі әйелдердіӊ тұӊғыш конференциясы өтті

"Біздіӊ пікірімізше, қазіргі замандағы еӊ құнды ресурс - идеялар болып табылады. Ал таратуға тұрарлық идеяларды қолдау қажет. Біз біріге отырып кез-келген идеяны шындыққа айналдырып, қоғамды, қазіргі әлемді жақсарта аламыз",- дейді Лейла Махмудова.

Алматы. 31 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда 29 қазанда жастардыӊ ұйымдастыруымен тыӊ идеяларды тарату жөніндегі әйелдердіӊ тұӊғыш конференциясы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматыда алғаш өткен осындай іс-шараны Лейла Махмудова есімді жас қыз басқарып ұйымдастырған. Сүлеймен Демирель атындағы университетті осыдан екі жыл бұрын оқытушы-педагог мамандығы бойынша бітірген ол қазір оқытушы болып істейтінін және білім беру бағытында екі жобаны жүзеге асырып жатқанын жеткізді.

"Біздіӊ пікірімізше, қазіргі замандағы еӊ құнды ресурс - идеялар болып табылады. Ал таратуға тұрарлық идеяларды қолдау қажет. Біз біріге отырып кез-келген идеяны шындыққа айналдырып, қоғамды, қазіргі әлемді жақсарта аламыз. Болашағымыз - өз қолымызда. Идеяларды қолдау арқылы біз бір-бірімізді қолдап, бір-бірімізді жақсылыққа шабыттандырамыз. Біздіӊ осы құштарлығымызды бөлісіӊіз. Таратуға лайықты әрі таратуға тұрарлық тыӊ идеялардыӊ қоғамдастығына мүше болыӊыз",- дейді Лейла Махмудова.

Бас қосу TEDxAbayStWomen - Беташар деп аталады.

TED - АҚШ-тағы жеке меншік коммерциялық емес қордыӊ жыл сайын өткізетін іс-шарасы, оған дүниежүзінен жетекші ойшылдар мен қайраткерлер шақырылып, өз идеяларымен бөліседі. Оған қатысушылар да сан алуан: кәсіпкерлер, ғалымдар, креатив авторлары, филантроптар. Олардыӊ арасында Билл Клинтон, Билл Гейтс, Джейн Гудолл, Фрэнк Гери, Пол Саймон, Сэр Ричард Брэнсон, Филипп Старк және Боно секілді тұлғалар бар.

"TED" аббревиатурасы Technology Entertainment Design -Технологиялар, Ойын-сауық, Дизайн дегенді білдіреді.

"Кеӊ ауқымды қамтитын бұл салалардыӊ өзі біздіӊ болашағымызды құрайды. TEDx конференциялары TED лицензииясы бойынша өткізілетін тәуелсіз іс-шара. Бұл әр елдердегі, қалалардағы, университеттердегі, қоғамдастықтардағы адамдар мен адамдардыӊ топтарына осы стильде бас қосулар ұйымдастыруға мүмкіндік береді",- дейді ұйымдастырушылар.

TEDx Women - TED тармақтарыныӊ бірі. Мұндай басқосулар соӊғы бірнеше жылда дүниежүзіне бірнеше қуатты идеяларды таратқан.

TEDxAbayStWomen конференциясына қатысушылар жиналған қауымға әйелдердіӊ жаӊаша артықшылықтарын таныстырды. Сахнаға ақылымен, өзіне деген құрметімен, шығармашылық қуатымен, батылдығы және жаӊашылдығы үшін танылған әйелдер шақырылды.

"Іс-шараныӊ мақсаты - қоғамды жақсарта түсуге атсалысып жүрген әйелдердіӊ өз қабілеттерін ашу, табысқа жету, өз ісіне құштарлық тарихын паш ету. Мұнда сіздер дарынды, табысты, тәуелсіз, өзгеше, тіпті ақылсыз болудан да қорықпаған әйелдердіӊ тарихын естіп білесіздер. Бұл бұған дейін қоғамға бейтаныс болып келген батыл әрі көшбасшылық қасиеті бар әйелдердіӊ расында да беті ашылатын іс-шара. Бас қосуды өткізу талаптарына сәйкес, жиналған қаржы тек іс-шараны өткізуге ғана жұмсалады, ал еріктілер мен спикерлер ешбір пайда таппайды,- деді Лейла Махмудова.

Конференцияда кәсіпкер Зәуре Розмат, психолог Елена Трякина, педагог-тәрбиелеуші Аминат Джаппуева, заӊгер Халида Ажигулова, энтузиаст- эколог Ийгерім Төлепберген, ерікті Адель Оразалинова, Technovation Women байқауына қатысушы Алина Дюсупова, өнертанушы Молдияр Ергебеков секілді азаматтар өз идеяларымен бөлісті.

Энтузиаст- эколог Ийгерім Төлепберген "Атаӊнан мал қалғанша жан қалсын" деген халық нақылын "Адамнан мал қалғанша тал қалсын" деп өзгерте баяндап, 2 млн жуық тұрғыны бар Алматы қаласындағы ауаныӊ ластығы көрсеткіштері 10 шақты миллион халық тұратын Қытай астанасы Бейжіӊмен теӊескеніне алаӊдаушылық білдіріп, бұны тоқтату үшін әркім тым болмаса бір ағаштан егіп, экологияны құтқаруға үлес қосу идеясын тастады.

Кәсіпкер Зәуре Розмат өмірде қайткенде де арманыӊа жетуге тырысу қажеттігі идеясын ортаға салды. Білім игеру арманы тіпті отбасын күйретуге де алып келгенін, соныӊ салдарынан өз құқығын қорғауды, соттарға қорықпай жүгінуді үйренгенін, ендігі мақсаты - қайткенде де Гарвардқа оқуға түсу екенін, осы арманына әзірге жетпесе де, жуырда ғана атышулы Сколковоға оқуға түсу грантын жеӊіп алғанын қуана жеткізді.

Психолог Елена Трякина мизогиния, яғни әйелдерді жек көру, сексизм, яғни жыныстық тұрғыда алалаушылық белеӊ алған қоғамды салауатты қоғам деп тану мүмкін емес деген пікірде. Қоғамда жезөкшелік қалыпты құбылыс секілді саналуы дұрыс емес, сондай-ақ, қыз баланы оныӊ ақылына, дарынына, құштарлығына қарамастан, кішкентайынан тек жұбай болуға ғана, тек бағыныштылық пен көнбістікке ғана тәрбиелеу, оларды тіпті есеппен күйеу табуға бар ақылын салуға итермелеу, оларды күйеуініӊ дегеніне көніп ошақ қасында ұстау саналы, парасатты қоғамныӊ белгісі ме? БАҚ беттерінде, ол тұрмақ, еркетотай тоқалдардыӊ аты-жөнін атап көрсетіп, оларды сәттіліктіӊ белгісіндей насихаттау оғаш қылық дейді. Тоқал болуды латентті жезөкшелікке теӊейді спикер.

Педагог-тәрбиелеуші Аминат Джаппуеваныӊ әӊгімесі конференцияға жиналғандардыӊ көӊілін босатты. Жиын соӊында "Мамалар үйініӊ" қызметкеріне барып, қандай көмек көрсете аламын деп еӊірей сұрап тұрған қазақ қызын көргенде қоғамдағы кейбір келеӊсіздіктіӊ салдарынан пайда болған түӊілу мен реніштен із де қалмағандай... Бөтенніӊ басына түскен қиындыққа бұлайша бей-жай қарамаушылық бар жерде әлі де үміт оты тұтана бермек.

Аминат Джаппуева өзініӊ Қазақстанға кезінде репрессияға ұшырап айдалып келген балқар халқыныӊ өкілі екенін, қазір "Мамалар үйін" ашып, өмірде шалыс басқан және зорлық пен зомбылыққа ұшыраған қыз-келіншектерге қолдау көрсетумен айналысатынын, осы жолдағы алғашқы тәжірибесін әӊгімеледі. Жүкті болғанда баланыӊ әкесі жауапкершіліктен жалтаруға байланысты баласын тастамақ болған, кейін егіз тауып, "Мамалар үйінде" өзіндік "тәрбиелеуден" өту арқылы өз ойыныӊ оғаштығын түсінген, артынан тіпті балаларыныӊ әкесімен қайта табысып, қазір бақытты отбасына айналған келіншектіӊ тағдыры туралы баяндаған Аминат Джаппуева осы тектес адамдарға дер кезінде көмек көрсету, жүрек жылуын таныту мен қолдап демеп жіберу қыздар мен әйелдерді өмір бойғы өкініштен, орны толмас қателіктерден құтқаратынын айтты. Демеу дереу уақытын тапса деген идея бұл. Қателіктіӊ, адамдық ардан аттаудыӊ алдын алудыӊ құндылығы бұл.

Заӊ бұзудыӊ, адамға қиянат келтірудіӊ, заӊдардыӊ жұмыс істемеуініӊ алдын алу үшін балаларды жастайынан өз құқығы мен міндетін біліп өсуге, айналасындағы өзге адамдардыӊ құқығын құрметтей білуге тәрбиелеудіӊ маӊызын заӊгер Халида Ажигулова әӊгімеледі.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша қазір Ұлыбританияда докторантурада оқып жатқан заӊгер келіншек еліміздіӊ заӊгерлер қауымдастығын, практик заӊгерлерді, адвокаттарды, заӊгерлік университеттердіӊ оқытушылары мен студенттерін мектептерге баса назар аударуға, онда тегін дәрістер мен сабақтар өткізуге, сол арқылы адам құқықтарыныӊ құндылығын насихаттауға шақырады. Сол арқылы қоғамды жақсарта түсуге, сананы сілкінтуге өз үлестеріӊізді қосасыздар, дейді ол.

"Біздіӊ қоғамда жалпы білім беретін орта мектептердіӊ оқу бағдарламасына адам құқығына байланысты міндетті пәнді енгізу қажеттігі өткірлене түсті. Қазақстандағы орта білім беретін мектептерде құқық бойынша білім беретін пәнді оқу бағдарламасына уақыт ұттырмай енгізу қажет. 9-шы сыныпта ғана екі сағаттан оқытылатын "Адам.Қоғам.Құқық" атты пән балалардыӊ санасын өзгертуге, оларды қаршадайынан өзініӊ ғана емес, басқаныӊ да құқығы мен абыройын қорғап құрметтей білуге баулуға мүлдем жеткіліксіз. Мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелерден, қамқорлық және қорғаншылық қызметтерінен қоғам тарапынан адам құқығыныӊ қорғалуын, адамныӊ құқығы мен абыройы қорғалуын талап ете білуіміз қажет. Мемлекеттік органдар мен қоғамныӊ адам құқығыныӊ бұзылу оқиғаларына қатысты үн қата білуі, олардыӊ реакциясыныӊ маӊызы айрықша зор.

Елімізде "Тұрмыстық зорлы-зомбылықтыӊ алдын алу" туралы заӊ бар, ҚР қылмыстық кодексінде зорлық-зомбылық пен адамныӊ денсаулығына залал келтіргені үшін қолданылатын жаза қарастырылған. Бірақ бұлардыӊ барлығы да адам құқығы бұзылуыныӊ алдын ала алмайды, біздіӊ зорлық құрбанына айналуымыздыӊ алдын ала алмайды. Полиция қызметкері тек профилактикалық әӊгіме ғана жүргізе алады, зорлық-зомбылық жасалып, денсаулыққа зиян келтірілгеннен кейін ғана, болары болып бояуы сіӊгеннен кейін, кейде тіпті адам өмірі қиылғаннан кейін ғана іске араласа алады.

Сол себепті егер бізді тиісті органдар қорғай алмаса, егер қабылданған заӊдар жұмыс істемей жатса, онда қоғам болып жұмылып, заӊдарды жұмыс істетуге, органдарды өз функцияларын атқаруға, біздіӊ құқығымызды барынша тиімді түрде қорғауға мәжбүрлеуіміз қажет.

Және біз баланыӊ немесе әйелдіӊ, біздіӊ қоғамымыздыӊ қандай да болмасын мүшесініӊ құқығы бұзылғанын біле тұра үндемей қалмауға тиіспіз. Егер біреудіӊ құқығы бұзылып жатқанына куәгер болған жағдайда немқұрайдылық, безбүйректік, маған қатысы жоқ деп қатігездік танытпау, бұны әркім өзінен бастау қажет, дейді Халида Ажигулова.

"Бәрін өзімізден бастауымыз керек. Өз мінез-құлық, әрекеттеріӊізді, басқа адамдарға деген көзқарасыӊызды талдап көріӊіз. Басқаныӊ құқығын қорғай алып жүрсіз бе? Соған ой жүгіртіп көріӊіз. Біз басқаныӊ құқығы мен абыройын бұзбау үшін өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді зерделей білуіміз қажет. Бәріміз күш біріктірсек, қоғамымыз да жақсарып, санасы мен парасаты арта түседі деп сенемін",- деді заӊгер.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны