04.07.2018, 18:41 4243

Алматыда жастарға арналған "Мүмкіндіктер уақыты" атты бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесі өтті

Оныӊ нақтылауынша, "Нәтижелі жұмыспен қамту" бағдарламасы шеӊберінде жұмыспен қамту орталығы 29 жасқа толмаған және жоғары оқу орнын үш жылдан артық емес уақыт бұрын бітірген таяудағы түлектерге ақылы жастар тәжірибесінен өтуді ұсынады.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Астананыӊ 20 жылдық мерейтойына орай жастарға арналған "Мүмкіндіктер уақыты" атты бос жұмыс орындары жәрмеӊкесі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жәрмеӊкені Алматы қаласы әкімдігініӊ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Алматы қаласыныӊ халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе отырып ұйымдастырды.

Бос жұмыс орындары жәрмеӊкесін ұйымдастырудағы мақсат - мүдделі жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердіӊ назарын еӊбекпен қамтуға аудару, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарға ақыл-кеӊестер беру, жұмысқа орналасуына және маманды қызметкерлерді іріктеуге септесу, кәсіптік бағдарлау мен оқытуға, жұмыссыз азаматтарды қолдауға саяды.

"Бүгін біз Астананыӊ 20 жылдық мерейтойына орай жастарға арналған "Мүмкіндіктер уақыты" атты бос жұмыс орындарыны ауқымды жәрмеӊкесін өткізіп отырмыз. Оған 150-ден астам жұмыс берушілер шақырылған, олар 1000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынатын болады. Бұл жерде жұмыс іздеушілер өздері іздеп жүрген жұмысын табу мүмкіндігіне ие болады. Үміткер мен жұмыс беруші арасында тікелей байланыс орнайды", - деді халықты жұмыспен қамту орталығыныӊ директоры Мейрам Сүйіндіков.

Оныӊ айтуынша, жәрмеӊкеге жоғары оқу орындары мен 13 оқу орталығы да қатысып отыр, сонымен бірге жұмыспен қамту орталығыныӊ өзі де халықты нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан өз жобаларын да ұсынып отыр.

"Еӊ сұранысқа ие кәсіптер бойынша шамамен 38 мамандық түрі бекітілген. Олардыӊ арасында туристік, коммерциялық және сату агенттері, көлікке жанармай құюшылар, слесарьлар мен электрлік дәнекерлеушілер бар. Тізім үлкен. Ол жұмыс берушілер ұсынған өтінімдер бойынша жасақталады. Біз бірінші комиссияда 13 оқу орталығын өткіздік. Екінші кезеӊде орталықтар санын 16-ға ұлғайттық. Жалпы алғанда бізде 39 оқу орталығы тегін оқытатын болады. Оған қоса дәрістерден өтетін тыӊдаушыларға үш айға дейін 16 мыӊ теӊге мөлшерінде шәкіртақы төленеді. Сол себепті бізге келіп жұмыссыз деген мәртебе алған үміткер жаӊа кәсіп игеріп, келешекте жұмыс табу мүмкіндігіне ие болады", - деді Сүйіндіков.

Оныӊ нақтылауынша, "Нәтижелі жұмыспен қамту" бағдарламасы шеӊберінде жұмыспен қамту орталығы 29 жасқа толмаған және жоғары оқу орнын үш жылдан артық емес уақыт бұрын бітірген таяудағы түлектерге ақылы жастар тәжірибесінен өтуді ұсынады.

"Мұнда 25 еӊ төменгі айлық жалақы төленеді. Бұл аударымдарды қоса алғанда шамамен 60 мыӊ теӊгеге теӊ. Жас маманныӊ 6 ай мерзім ішінде өз қабілетін көрсетіп, тәжірибеден өту мүмкіндігі бар. Бұдан әрі оны аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орнына орналаса алады", - деді жұмыспен қамту орталығыныӊ басшысы.


Оныӊ айтуынша, дәрістерге зейнет демалысы жасына дейінгі кез-келген азамат қатыса алады.

"Бұл бағдарлама барлық облыстарда жүзеге асырылады, бюджет тек Алматы қаласына ғана есептелгендіктен бізде тек Алматы тұрғындары ғана қатысады, сондай-ақ, уақытша тіркелген азаматтар да қатысады. Біз уақытша тіркеуге тұрған 3000-ға жуық адамды жұмысқа орналастырдық. Бұл - қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі. Дәрістерге жоспар 1000 адам бола тұра, 700-дей адамды жинадық. Тұтастай алғанда жылдыӊ бірінші жартысындағы жоспар орындалды", - деді ол.

Сүйіндіковтіӊ түсіндіруінше, уақытша жұмыс орындары (қоғамдық жұмыстар) белгілі бір мамандығы, кәсіби біліктілігі жоқ адамдарға ұсынылады. Олар қоғамдық жұмыстарға бір жылға дейінгі мерзімге жегілуі мүмкін. Бұл ретте ондай адамдардыӊ жалақылары шамамен 56 мыӊ теӊгені құрайды.


Сонымен бірге, адам бір жыл бойы бағдарламаныӊ тек белгілі бір бағытына ғана қатыса алады, айталық, не дәрісті таӊдайды, немесе қоғамдық жұмыстарға жіберіледі.

"Біздіӊ биыл іске қосылған enbek.kz атты сайтта шамамен 3000 бос жұмыс орны орналастырылған. Жұмыс берушілер бізге өзекті бос жұмыс орындарын ұсынады, ал біз оларды іріктеп, адамдарды сұхбатқа жолдаймыз, одан әрі олар жұмысқа орналасады. Бір жыл ішінде жұмыс іздеуші бір бағдарламаға қамтылып, келесі жылы басқа бағдарламаны пайдалана алады. Негізінен оқу орталықтары өз тыӊдаушыларын жұмысқа орналастыра алады. Олар қазір кәсіпорындар мен ұйымдардыӊ базасында жұмыс істеп жатыр",- деді ол.

Бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесі шеӊберінде қолөнершілердіӊ жәрмеӊкесі де өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны