06.04.2018, 21:25 8282

Алматыда жаз маусымына арнап қаланы декоративтік безендіру жобасын жасау бойынша байқау өтуде

"Байқауға қатысудыӊ бірегей мүмкіндігіне әрбір кәсіби суретші, сәулетші, мүсінші, дизайнер, урбанист ие және қала көшелерінде жүзеге асырылуы мүмкін өз идеяларын ортаға салып, шығармашылық қабілетініӊ көзін аша алады", - деп хабарлайды байқауды ұйымдастырушылар.

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда 2018 жылдыӊ 20 наурызы мен 18 сәуірі аралығында жаз маусымына арнап қаланы декоративтік безендіру жобасын жасау бойынша байқау өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Байқау "Алматы - жылы қала" тақырыбында өтуде. Ол Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен FUNK креативтік агенттігініӊ бастамасымен өтіп жатыр және 18 сәуірге дейін жалғасады.

"Байқауға қатысудыӊ бірегей мүмкіндігіне әрбір кәсіби суретші, сәулетші, мүсінші, дизайнер, урбанист ие және қала көшелерінде жүзеге асырылуы мүмкін өз идеяларын ортаға салып, шығармашылық қабілетініӊ көзін аша алады", - деп хабарлайды байқауды ұйымдастырушылар.

Қаланы декоративтік безендірудегі өзгерістер жыл сайын ауқымды мерекелер мен маусым алмасуларына арналып келеді. Ірі фестивальдер өткізу тәжірибесіне ие FUNK креативтік агенттігініӊ ұжымы Алматы қаласыныӊ әкімдігіне мегаполисті декоративтік безендіру бойынша өз идеяларын ұсынуға әзірлік танытқан кәсіби суретші, сәулетші, мүсінші, дизайнер, урбанистермен ықпалдастық орнатуды ұсынды.

FUNK креативтік агенттігі мен Art Energy Almaty қалалық қоғамдастықтар, суретшілер, сәулетшілер мен урбанистердіӊ фестивальдік коллаборациясы 2018 жылдыӊ 20 наурызында қаланы декоративтік безендіру бойынша "Алматы - жылы қала" тақырыбындағы байқауға шығармашылық жобалардыӊ қабылдана бастағаны туралы жариялаған болатын.

"Қаланы декоративтік безендіру мәдени-коммуникативтік функция атқарады, әлеуметтік, тарихи, қалалық мәнмәтіндік кеӊістікпен диалог орнатады, - деп санайды урбанист және әлеуметтанушы Алеся Нугаева. - Қаладағы кретивтік қоғамдастықты декоративтік безендіруге және қаланыӊ бейнесін қалыптастыруға тарту - қала ортасын бірлесе қалыптастыруға жұмылдырудыӊ кепілі, соныӊ арқасында қала тұрғындары үшін "өздерініӊ қалаға қатысты құқығын қайтарып алуға" мүмкіндік туады, ал қаланыӊ өзгешелігі қай тұрғыдан да артып, толыға түседі".

Қаланы безендіруде шағын архитектуралық пішімдерді, паблик-арт нысандарын кеӊінен пайдаланатын еуропалық қалалардыӊ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қала кеӊістігін декоративтік безендіруге танымал жергілікті және шетелдік суретшілерді тарту қаланыӊ бейнесіне және тұрғындардыӊ көӊіл-күйіне ғана емес, сонымен бірге оныӊ туристік тартымдылығына да септігін тигізеді.

Байқауға жетекшілік ету үшін, "Алматы - жылы қала" тақырыбындағы біртұтас концепцияны құру үшін танымал ұлыбританиялық паблик-арт суретші, мәдени продюсер және қала фестивальдерін ұйымдастырушы Алекс Ринслер шақырылған.

Алматы қаласын декоративтік безендіру бойынша әлеуметтік бастама болып табылатын байқау идеясы әкімдік тарапынан мақұлданды, бұл - креативтік қоғамдастық, кәсіби сәулетшілер, дизайнерлер мен суретшілер тек өз пікірлерін ортаға салып қана қоймай, өз пікірлерін ұсына отырып оны іске асыра алатындығына нақты мысал.

Ұйымдастырушылар жобалардыӊ жүзеге асырылу орындарын да қала билігімен келісіп қойғанын айта кету керек:

- Панфилов көшесі (Қабанбай батырдан Жібек Жолына дейін);

- Жібек Жолы көшесі (Желтоқсаннан Қонаевқа дейін);

- Қабанбай батыр көшесі мен Назарбаев даӊғылыныӊ қиылысы;

- Ил-Фараби даӊғылынан жоғары, Сейфуллин даӊғылындағы жол торабы;

- Ил-Фараби даӊғылы мен Жароков көшесініӊ қиылысындағы жол торабы;

- Алтын квадрат: Абай даӊғылы - Абылай хан даӊғылы - Гоголь көшесі - Достық даӊғылы;

- Ил-Фараби даӊғылы мен Назарбаев даӊғылыныӊ қиылысы;

- Шығыс айналма жол мен Төле би даӊғылыныӊ қиылысындағы жол торабы;

- Сәтпаев пен Байтұрсынов көшелерініӊ қиылысы.

Майра Измайлова: "Байқаудыӊ 18 сәуірге дейін созылатынын тағы бір еске саламыз, бұл - мәжбүрлі соӊғы дата, өйткені, қала шын мәнінде шілде айында нақты жылынады, біз осы уақытқа дейін жеӊімпаз жобаларды монтаждауды аяқтап үлгермек ниеттеміз".

"Алматы - жылы қала" байқауыныӊ идеясын бағалаушы әділ қазылардыӊ алқасына төмендегі тұлғалар кірді:

- Эдуард Казарян - мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағыныӊ мүшесі;

- Майра Измайлова - "FUNK" әлеуметтік шешімдер агенттігініӊ жетекшісі, "Astana Art Fest", "Art Energy Almaty", "26 KZ" фестивальдерін ұйымдастырушы;

- Эльдар Хасанов - сәулетші, қала құрылысшысы, архитектура және дизайн бойынша халықаралық байқаулардыӊ жеӊімпазы;

- Алекс Ринслер - әділ қазылар ақласыныӊ төрағасы, әлеуметтік паблик-арт суретшісі, мәдени продюсер, фестивальдер ұйымдастырушы, плейсмейкер.

Танылу және іске асыру мүмкіндігімен қатар, әділ қазылар алқасыныӊ пікірі бойынша еӊ үздік деп танылған жоба авторларынан 5 адамныӊ әрқайсысы FUNK креативтік агенттігініӊ 100 000 теӊге мөлшеріндегі ақшалай марапатына ие болмақ.

Өтінімдер [email protected] мекен-жайы бойынша қабылданады, хаттыӊ тақырыбында "Жылы қала" деп атап көрсету керек.

Байқаудыӊ ережесі мен концепцияныӊ тұсаукесерін мына сілтеме бойынша көшіріп алуға болады: https://drive.google.com/open?id=1L9bqqBK124m5XkFi00Y6dc7Uhse1yubv05 04 2018

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны