23.05.2018, 12:11 10181

Алматыда жазба ақындардыӊ республикалық мүшәйрасы мен прозаиктер арасындағы әдеби байқау қорытындыланады

2018 жылы 31 мамырда сағат 11.00-де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласына және Астана қаласыныӊ 20 жылдығына арналған "Темірбек Қараұлы Жүргенов" қоғамдық қоры.
2018 жылы 31 мамырда сағат 11.00-де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласына және Астана қаласының 20 жылдығына арналған "Темірбек Қараұлы Жүргенов" қоғамдық қоры, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен бірлесе отырып, Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Т.Қ.Жүргенов ескерткіші алдында гүл шоғын қою (митинг) рәсімін өткізеді.Осы шара аясында оқу театрында сағат 12.00-де Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы оқу-ағарту, мәдениет пен әдебиет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың туғанына 120 жыл толуына байланысты ақындар арасында республика көлемінде жазба ақындар мүшәйрасын және прозаиктер арасында әдеби байқау қорытындысын жариялайды.

Мақсаты:

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында "Туған жер" бағдарламасын қолға алу туралы сөз қозғады. Онда "Ирбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс" деп, атап көрсетті. Елбасының бұл сөзі бір ғана жылдың еншісіндегі мәселе емес. Бұл үнемі атқарыла беретін ізгі борышымыз. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, мақсатында өткізілуде.

Тақырыптары:

Темірбек Жүргеновтың саяси көзқарастарын, оқу-ағарту және мәдениет саласындағы жұмыстарын, әдеби, публицистикалық мұрасын өлең арқылы ұрпаққа насихаттау; Тәуелсіз Қазақстанның "Мәңгілік ел" ұлттық идеясынан туындайтын Қазақ тарихында қалдырған ерен еңбегін жырлау; Темірбек Жүргеновтің жазбаларында кездесетін рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтау. Оның репрессия құрбаны болғанын өлеңге қосу арқылы, қазақ халқының басына нәубет боп төнген жылдарды ұрпақ санасына жаңғырту.

Ұйымдастыру алқасы "Темірбек Қараұлы Жүргенов" қоғамдық қоры,

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.

Өтетін уақыты: 2018 жылы 31 мамырда сағат 11.00-де
Өтетін орны: Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Қосымша ақпарат алу үшін: тел.: 8707-307-81-82, +7702-350-40-67 Эльмира

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны