26.07.2018, 16:17 6374

Алматыда жеке куәлік пен төлқұжатты енді бір күнде алуға болады

Ендігі жерде Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларында құжаттарды бір күнде алуға болады.

Алматы. 26 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда жеке куәлік пен төлқұжатты енді бір күнде алуға болады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан Республикасыныӊ үкіметі 2018 жылғы 23 шілдеде қаулы бекітті, онымен "Қазақстан Республикасы азаматыныӊ паспортын, Қазақстан Республикасы азаматыныӊ жеке куәлігін, шетелдіктіӊ Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамныӊ куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді.

Ендігі жерде Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларында құжаттарды бір күнде алуға болады.

"Қазақстан Республикасы азаматыныӊ паспорты, Қазақстан Республикасы азаматыныӊ жеке куәлігі жеӊілдетілген тәртіппен рәсімделген күннен бастап Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларында - бір жұмыс күніне дейінгі мерзімде, облыс орталықтарында - үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде, облыстардыӊ аудандары мен қалаларында - жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде беріледі", - делінген құжатта.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны