19.05.2017, 12:58 3986

Алматыда жекеменшік балабақша ашылды

Аудандағы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын төмендету үшін ағымдағы жылы инвесторлар есебінен 20 жаӊа жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемесін ашу жоспарланған. Нәтижесінде балабақшаларға кезекке тұрған балалардыӊ саны 800 орынға дейін төмендейді деп күтілуде.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыдағы Орманов көшесінде "PANDA" атты жекеменшік балабақша ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Икімдіктіӊ хабарлауынша, Алматы қаласыныӊ Медеу ауданында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты 2017 жылғы 31 қаӊтардағы Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі білім беру саласында бос орындардыӊ тапшылығын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазір ауданда 18 мемлекеттік балабақша, 2 мен 7 жас аралығындағы балаларға арналған, 6261 бала оқитын 47 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Бұл ретте 3 пен 6 жас аралығындағы балаларға арналған балабақшалардағы орын тапшылығы арта түсіп 2407-ге жетті.

Аудандағы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын төмендету үшін ағымдағы жылы инвесторлар есебінен 20 жаӊа жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемесін ашу жоспарланған. Нәтижесінде балабақшаларға кезекке тұрған балалардыӊ саны 800 орынға дейін төмендейді деп күтілуде.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, Алматы әкімдігініӊ ақпаратына сәйкес, 2016 жылы балабақшалар мен шағын орталықтар саны 40%-ға 560-қа дейін өсті, ал олардағы орын саны 10%-ға 58,4 мыӊға дейін өсті. Тек бизнестіӊ есебінен 2016 жылы 175 балалар мекемесі ашылды. Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі принципін пайдалану арқылы жеке меншік коттедждер мен орын-жайларда 3,4 мыӊ орынды 96 шағын орталық ашылды, бұл бюджеттіӊ шамамен 10,5 млрд теӊгесін үнемдеуге мүмкіндік берді. Қалалық кеӊес мақұлдаған жобаларда 5,3 мыӊ орынды 37 мектепке дейінгі мекеменіӊ жұмысы ұйымдастырылады. Олардыӊ жартысынан астамы (2120 орынды 19 бақша мен орталық) қаланыӊ коммуналдық меншігіне беріледі. Сонымен бірге мектепке дейінгі мекемелердіӊ тапшылығын төмендету үшін 1415 орынды 7 балабақша салынады, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4 млрд астам теӊге бөлінген.

2017 жылы 7 мектептіӊ, оныӊ ішінде 5-і қосылған аумақтардағы мектептіӊ құрылысы басталады. Бұл қосымша шамамен 5,5 мыӊ мектеп оқушысын қабылдауға және оқушылар орныныӊ тапшылығын 11%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Биыл Алмалы және Бостандық аудандарында орналасқан 22 жалпы білім беретін мектептіӊ, сондай-ақ, 6 балабақшаныӊ ғимараты сейсмикалық тұрғыда күшейтіледі.

Сондай-ақ, еске сала кетейік, 2017 жылдыӊ 28 сәуірінде өткен қсала құрылысы кеӊесінде екі мыӊ жұмыс орнын, оныӊ ішінде 100 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін арнайы мамандандырылған жеке меншік мектептіӊ және төрт көппәтерлі тұрғын үй кешенініӊ құрылысын бастау мақұлданған болатын. Сондай-ақ, жеке меншік қаржыныӊ есебінен мектепке қосалқы ғимарат пен төрт балабақша салынады, олардыӊ екеуі коммуналдық меншікке беріледі. Тұрғын үй кешендерін салғанда құрылыс компаниялары бір жарым мыӊ орынды көлік тұрағын салуға және қала аумағында екі гектардан астам аумақты жасылдандыруға міндеттенеді.

Мәселен, Бостандық ауданындағы Ерменсай 2/2 ықшамауданында 528 орынға есептелген, бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған корпустары, мәжіліс залы, спорт залы, серуен алаӊы, ойын және спорт алаӊдары бар жеке меншік арнайы мамандандырылған физика-математика мектебініӊ құрылысы басталады Мектеп жыл сайын аз қамтылған отбасылардыӊ балалары үшін 20 грант ақысыз оқуға бөліп отыруды жоспарлауда. Сондай-ақ, Алмалы ауданындағы Құрманғазы көшесі 97 мекенжайы бойынша қызмет көрсету нысандары, балабақшасы және жер асты көлік тұрағы бар көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасы бекітілген болатын. Жоба бойынша айнала аумақты абаттандыру және әлеуметтік инфрақұрылымды тұрғызу қарастырылған.

Жиын барысында Медеу ауданыныӊ Бекхожин, Бегалин және Қастеев көшелерініӊ қиылысына салынатын балалар бақшасы мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үйдіӊ концептуалды жобасы бекітілді. Құрылысты жүргізуші өзініӊ жеке қаржысымен қаланыӊ бір мектебініӊ жанына қосалқы нысан салып, Бекхожин мен Қаратаев көшелерін қайта жасайтын болады. Бостандық ауданындағы Гагарин, Левитан, Радостовец, Дунаевск көшелері маӊында бой көтеретін, бала бақшасы мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй салу жобасы да қолдау тапты. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі кейін коммуналды меншікке беріледі. Осы ауданда Каблуков, 97 а көшесініӊ бойында түрлі нысандары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені салынатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны