28.11.2008, 18:21 3084

Алматыда жеңіл рельсті трамвай желісі мен екі жол айрығын салу көзделген

Алматыда жеңіл рельсті трамвай желісі мен екі жол айрығын салу көзделген

Алматы. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен қала құрылысы кеңесі тапсырушысы - Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы болып табылатын үш жобаны қарады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсынылған жобалар арасында Құлжа жолы бойынан Алматы қалалық әуежайының терминалына дейінгі, Ил- Фараби даңғылы мен Дулати көшесі аралығындағы жол айрығы мен жеңіл рельсті трамвай желісінің құрылыстары бар.

"Қазақ көлік және коммуникациялар ҒЗИ" ЖШС жеңіл рельсті трамвай желісін салу жобасында Чехия мен неміс жобалаушыларының тәжірибесіне сүйенген. Бұл жоба Алматының табиғи - климатттық жағдайына қолайлы.

Жобаны қараған кеңес төрағасы қалада бір күн ішінде 700 көліктің қозғалатынын, тек көліктің өзі ғана ауаның 80 пайызын ластайтынын айтты. Сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету мәселесі шешілмей келеді. Бұл жерде муниципиалды парктер мен жол айрықтарының берері мол болмақ.

"Алматыда жолаушы көлігінің дамымағаны айдан анық. Бұл экологияға да әсер етуде. Біз коммуналдық парктер салуды қолға алдық, метроны да аяқтайтын боламыз. Ал жеңіл рельсті желіні іске қосу - қажеттілік"-, деді Ахметжан Есімов.

Кеңес мүшелері жол айрықтары жобаларын қараған кезде оны жасаушылардан қаланың инфрақұрылымын, тарихы мен орналасуын, жасыл желекпен көмкерілуін ескеру қажеттігін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны