05.02.2007, 16:19 3052

Алматыда жер қожайындары үкімет басшысынан жерді сот шешімімен тәркілеп алуға мораторий жариялап, "Алматыжерді" таратуды талап етуде

АЛМАТЫ. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда үйлері бұзылуға тиіс жер қожайындары үкімет басшысынан жерді сот шешімімен тәркілеп алуға мораторий жариялап, делдал-кәсіпорын - "Алматыжерді" таратуды талап етуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Біз ел үкіметінің ұсыныстарына және ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіндігіне байланысты аталмыш мәселе заңнамалық негізде түпкілікті шешімін тапқанға дейін жергілікті атқарушы билік органдары мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар тарапынан "мемлекеттік мұқтаждыққа" деп жер телімдерін мәжбүрлеп тәркілеу жөнінде сотқа шағым беруіне мораторий жариялауды сұраймыз",- делінген бастамашыл топ тарапынан бүгін Кәрім Мәсімовтың атына таратылған мәлімдемеде.

Сонымен бірге мәлімдеме авторлары "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жаппай бұзуға, сондай-ақ, Алматыда баспана мен коммерциялық нысандардың құнының көтерілуіне апарып соққан делдал ретінде жоюды талап етуде.

Бастамашыл топ мүшелерінің пікірінше, "Алматыждердің" іске араласуы құрылыс салушының шығындарын тікелей өсіріп қана қоймай, Алматыда баспана мен коммерциялық нысандардың құнының көтерілуіне әкеліп соғуда. Мәлімдеме авторларының айтуынша, сатып алынған жерлер "одан әрі меншік иелеріне төленген қаржыдан бірнеше есе қымбат бағаға қайта сатылуда".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, парламент мәжілісінің бір топ депутаты Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің атына мемлекеттік мекемелердің жер телімдерін мәжбүрлі тәркілеп алу жөніндегі шағымдарын қарауға мораторий жариялауды сұраған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны