24.06.2010, 11:58 3201

Алматыда жер учаскелерін өз бетімен басып алу проблемасы шешімін табатын болады - әкім

Алматыда жер учаскелерін өз бетімен басып алу проблемасы шешімін табатын болады - әкім

Алматы. 24-маусым. Kazakhstan Today Алматыда жер учаскелерін өз бетімен басып алу проблемасы шешімін табатын болады. Бұл туралы кеше жер уческелерін заңсыз басып алу мәселелеріне қатысты өткен жиналыста қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тарихи қорғандардың қорғау аймағында, газ құбырлары мен ЭЖЖ тартылған аймақтарда, және тағы басқа тұрғындар өміріне қауіп төндіретін, ҚР заңымен тыйым салынған өңірлердегі өз бетінше басып алған жер учаскелерінің инвентаризациялау қорытындысы бойынша 1443 үй мен құрылыс анықталған.

"Алматы қаласының әкімшілігі аталмыш учаскелерде тұратын тұрғындарды қауіпсіз аудандарға көшіру жөнінде шешім қабылдаған",- деп айтылған баспасөз баянында.

Икімшіліктің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, тарихи қорғандарды қорғау аймағында орналасқан 104 үйдің тұрғындары ҚР Мәдениет министрлігінің қорытындысы бойынша басқа ықшамаудандарға көшірілетін болады.

Бейіттер орналасқан санитарлық қорғаудағы өңірлерде тұратын 165 үйдің тұрғындары "Қарасу" ықшамауданына көшірілетін болады. Сондай-ақ, басқа қорғалатын аймақтарда орналасқан үйлер де "Қарасу" ықшам ауданына көшіріледі. Онда тұрғындарға арнайы үйлер салынбақ.

"Өжет" ықшамауданындағы тұрмыстық қоқыстарды төгетін қалалық қоқыс төгу орны тазартылып, СЭС қорытындысынан кейін 46 жер учаскесін рәсімдеу жоспарлануда",- деп айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны