16.07.2009, 14:26 1347

Алматыда "Жетісу-2009" халықаралық жаттығуының қорытынды жоспарлау конференциясы өтуде

Алматыда "Жетісу-2009" халықаралық жаттығуының қорытынды жоспарлау конференциясы өтуде

Алматы. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Жетісу-2009" халықаралық жаттығуының қорытынды жоспарлау конференциясы өтуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Алматыда "Жетісу-2009" халықаралық жаттығуының қорытынды жоспарлау конференциясы өтіп жатыр.

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петровтың жетекшілігімен ұйымдастырылған шараға 20-ға жуық мемлекеттің төтенше жағдайлар жөніндегі мекемелерінің мамандары, Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі (СЕАП) елдері, НАТО және EADRCC қарулы күштері өкілдері қатысуда. Бұл жиында олар қыркүйектің 5-11-і күндері ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы облысындағы полигонда өтетін жаттығуға қалай және қандай жағдайда қатысатындарын пысықтауда.

"Халықаралық құтқарушылар бөлімінің апатты жер сілкінісінің зардабын жою кезінде атқаратын қызметі" тақырыбындағы мәслихаттың мақсаты - мемлекеттік және халықаралық басқару органдарының және құтқару бөлімшелерінің бірлесіп жұмыс істеуіне дайындықты саралау.

Сол себепті бүгін олар жаттығу нұсқауларының жобасы, қатысушылардың шекарадан өту рәсімі, медициналық қолдау, логистика, қоныстану, тамақтану мәселелерін жан-жақты талқыға салуда.

Алматы облысында қыркүйектің 5-11 күндері НАТО-ның қолдауымен халықаралық құтқарушылар қызметі бөлімшелерінің табиғат апатының зардабын жою кезіндегі бірлескен іс-қимылын пысықтауға арналған халықаралық жаттығу өтеді.

"Халықаралық құтқарушылар қызметі бөлімшелерінің табиғат апатының зардабын жою кезіндегі бірлескен іс-қимылын пысықтауда НАТО біршама тәжірибе жинақтады. Біз бұл мақсатта 2000 жылдан бері халықаралық жаттығу жиындарын өткізіп келе жатырмыз. Биыл ол Орталық Азия аумағында осымен екінші рет ұйымдастырылуда. Бұған дейін 2003 жылдың мамыр айында Өзбекстанда өткен болатын", дейді НАТО-ның Апат зардаптарын жоюды үйлестіру орталығының жетекшісі Гюнтер Бретшнейдер.

Оның айтуынша, Орталық Азия аумағында осымен екінші рет өтетін бұл жаттығу да "Халықаралық құтқару бөлімшелерінің апатты жер сілкінісінің зардабын жою кезіндегі атқаратын қызметі" тақырыбында болмақ. Олар Қазақстандағы бұл оқу-жаттығу жиынының жоғары деңгейде өтетініне үлкен сенім артып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны