19.10.2015, 16:38 5592

Алматыда жезөкшелер көп жүретін қонақ үй жанып кетті

Бүгін Алматыда қонақүй, фитнес-клуб, көлік жуу орталығы мен дәмхана шоғырланған кешен отқа оранды. Жалын жұрт тура түскі асқа отырған кезде қонақүй бөлмелерініӊ бірінен тұтанған

Алматы. 19 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда қонақүй, фитнес-клуб, көлік жуу орталығы мен дәмхана шоғырланған кешен отқа оранды. Жалын жұрт тура түскі асқа отырған кезде қонақүй бөлмелерініӊ бірінен тұтанған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сөйтіп лезде күш алып, кешен шатырын түгел шарпыпты. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Ал 35 өрт сөндіруші 300 шаршы метрдей аумаққа таралған тілсіз жауды екі сағаттан аса уақыт жүріп әзер ауыздықтаған. Бірінші кезекте бұған ғимараттыӊ бірінші қабатындағы трансформатор кедергі келтіріпті. Бүкіл ықшамауданды тоқпен қамтып отырған осы электр желісініӊ неліктен жеке нысан ішінде қалып қоғаны түсініксіз. Жұрт жеӊіл жүрісті қыздардыӊ ордасына айналған қонақүйді де жылдар бойы жапқыза алмай жүр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны