30.10.2018, 18:26 14450

Алматыда "Жиенбет батыр - тарихи тұлға" атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті

Конференция "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында тарихи тұлғаларды насихаттау, ұлықтау, ерлік жолын үлгі ете отырып, жас ұрпақты жасампаздық пен ұлтжандылық рухта тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылды.

Алматы. 19 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасындағы Е.Тұрсынов киноклубында 2018 жылғы 19 қазанда "Жиенбет батыр - тарихи тұлға" атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Конференция "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында тарихи тұлғаларды насихаттау, ұлықтау, ерлік жолын үлгі ете отырып, жас ұрпақты жасампаздық пен ұлтжандылық рухта тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылды.

Өз заманында сыртқы жаулармен шайқаста, ел бірлігі мен жер тұтастығы үшін күрескен Жиенбет батыр Байқошқарұлы көзсіз ерліктерімен көзге түсіп, Қаратаудыӊ жас жолбарысы атанған. Абылайхан заманында болған барлық қиян кескі шайқастардыӊ бел ортасында жүрген.

Конференцияға Қазақстанныӊ халық әртісі Асанәлі Ишімов; "Бейбітшілік әлемі" халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігініӊ президенті Ибен Нұрманов; Қазақстан Жазушылар одағыныӊ мүшесі Аспандияр Өмірбеков; тарихшы Болатбек Нәсенов; ақын Болат Жетекбай және т.б. әдебиетші ғалымдар қатысып, баяндама оқыды. Сондай-ақ, шарада белгілі әнші Сәкен Майғазиев әсем әннен шашу шашты.

Іс-шараны мемлекет қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков жүргізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны