05.06.2018, 15:17 3913

Алматыда жыл басынан бері азаматтардыӊ еӊбек құқықтарын қорғауға бағытталған 168 тексеру жүргізілді

Еӊбектік құқық ережелерін бұзғаны үшін 59 лауазымды және заӊды тұлға 13,4 млн теӊге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соныӊ ішінде жалақыны кеш төлегені үшін 42 заӊды тұлғаға 8,5 млн теӊге сомасында айыппұл салынды.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда жыл басынан бері азаматтардыӊ еӊбек құқықтарын қорғауға бағытталған 168 тексеру жүргізілді. Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында мәлімденді.

Алматы қаласыныӊ мемлекеттік еӊбек инспекциясы және көші-қон басқармасыныӊ басшысы Талғат Көшенұлы Разақовтыӊ айтуынша, 2018 жылдыӊ бірінші тоқсанында жеке және заӊды тұлғалардан 979 жазбаша өтініш келіп түсті, 828 арызға жауап берілді.

Еӊбек және көші-қон заӊнамасын түсіндіру бойынша 856 азаматқа, оныӊ ішінде 424 этникалық қазаққа жауап берілді.

Қала кәсіпорындарында еӊбек заӊнамасыныӊ нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша 1 977 адамныӊ қатысуымен 42 кездесу өткізілді.

5 дөӊгелек үстел ұйымдастырылды, бұқаралық ақпарат құралдарында 15 сұхбат берілді.

Еӊбек заӊнамасыныӊ сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында азаматтардыӊ еӊбек құқықтарын қорғауға бағытталған 168 тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында 193 құқық бұзушылық анықталды, заӊ бұзушылықты жоюға 84 нұсқаулық берілді.

Еӊбектік құқық ережелерін бұзғаны үшін 59 лауазымды және заӊды тұлға 13,4 млн теӊге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соныӊ ішінде жалақыны кеш төлегені үшін 42 заӊды тұлғаға 8,5 млн теӊге сомасында айыппұл салынды. Салынған көлемнен 14 айыппұл бойынша 4,8 млн. теӊгеге жазаланды, ол 16,1% құрайды.1,7 млн теӊге көлеміндегі 5 әкімшілік айыппұл Алматы қаласыныӊ аймақтық жеке сот орындаушысы палатасына мәжбүрлі орындауға берілді.

Мемлекеттік еӊбек инспекторларыныӊ бұйрығы бойынша 88 кәсіпорынныӊ жалақы бойынша берешегі 108,3 млн. теӊге сомасында өтелді. Осылайша, 507 қызметкердіӊ конституциялық және еӊбек құқығы қорғалған.

Басқарма кәсіпорындарда жасалған ұжымдық шарттарды бақылайды және тіркейді. Қазіргі уақытта ұжымдық шарттардыӊ саны - 2609 құрап отыр.

2018 жылдыӊ басынан бері қаланыӊ кәсіпорындарында өнеркәсіптік апаттардыӊ 15 оқиғасы тіркелді (2017 жылдыӊ осындай кезеӊінде 20). Зардап шеккен жұмысшылардыӊ саны -15, олардыӊ біреуі қайтыс болды, 10-ы ауыр жарақат алды, 4-і аздап жарақат алған.

Кәсіптік жазатайым оқиғалар бойынша 11 арнайы тергеп-тексеру жүргізілді.

1000 адамға шаққандағы жарақаттану көрсеткіші (Кчс) 0,018% (2017- 0.00024%) болды, 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім нәтижесі - 0.0012% (2017ж.- 0.000002%) болды.

Көрсетілген мерзімде, басқарма тарапынан Қазақстан Республикасы Еӊбек кодексініӊ 197 бабына сәйкес, қаланыӊ құрылыс алаӊдарына 12 жұмыс сапары ұйымдастырылды, оған сәйкес жұмыс берушілерге заӊ бұзушылықтарды жою туралы (әкімшілік іс қозғамай) ұйғарымдар берілді,- дейді Т.Разақов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны