13.07.2016, 21:03 4273

Алматыда жыл соӊына дейін 100 паркомат орнатылады

Алматыда жыл соӊына дейін 100 паркомат орнатылады. "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС хабарлауынша, осы шілде айыныӊ соӊына дейін-ақ, 20 паркомат пайдалануға беріледі

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда жыл соӊына дейін 100 паркомат орнатылады. "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС хабарлауынша, осы шілде айыныӊ соӊына дейін-ақ, 20 паркомат пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірыӊғай автоматтандырылған автокөлік жүйесін "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС Алматы әкімдігініӊ тапсырмасымен әзірлеген болатын. Алматы қаласын дамыту жоспарына сәйкес, жобаны қолға алудағы басты мақсат - қалада автокөлік қоятын орындарды пайдаланудыӊ реттелген жүйесін жасау, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Мамандардыӊ айтуынша, автокөліктер мен қоғамдық көліктердіӊ және жаяу жүргіншілердіӊ қала көшелерінде жүруіне қолайлы жағдай жасаудыӊ бір жолы - осы ақылы автотұрақтар жүйесін енгізу болып табылады.

Ақылы автотұрақтыӊ сынамалы аймағы 75 жаӊа автокөлік орнына кеӊейтілді. Ол Зенков көшесініӊ бойында (Мақатаев пен Гоголь көшелерініӊ аралығы) орналасқан.

Жалпы, бірыӊғай автоматтандырылған жүйе жобасы аясында алғашқы үш апта ішінде 135 автотұрақ орны пайдалануға берілді. Ал түскен қаржы - шамамен 800 мыӊ теӊгені құрады.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысыныӊ орынбасары Айдын Керімбектіӊ айтуынша, түскен қаржыныӊ 30 пайызы жергілікті бюджетке қалалық көлік инфрақұрылымы мен соған іргелес аумақтарды абаттандыруға жұмсалады.

Ақылы автотұрақтан түсетін ақша алдымен "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС арнайы шотына салынады. Алғашқы жиналған қомақты қаржы Алматы орталығында замануи автотұрақ кешенін салуға жұмсалмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны