10.08.2012, 13:58 2928

Алматыда жыл соңына дейін 1 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй тапсырылады

Қазақстан Президенті бекіткен Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Алматы қаласының жеке құрылысшылары 118 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды. Соның арқасында 125 көп функционалды тұрғын кешені іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 10-тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда жыл соңына дейін 1 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй тапсырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Президенті бекіткен Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Алматы қаласының жеке құрылысшылары 118 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды. Соның арқасында 125 көп функционалды тұрғын кешені іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов бүгін құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Қала басшысы құрылыс саласының барлық қызметкерлеріне ерен еңбектері үшін алғыс білдіріп, мегаполистің бас жоспарға сай дамып келе жатқандығын, негізгі мақсат Алматының "бақ қала" келбетін сақтап қалу одан әрі дамыту екендігін айтты.

Мегаполисте тұрғын үй мәселесін шешуге айрықша мән берілуде. 2008 жылдан бері қалада 4 млн. шаршы метр үй салынды, оның 40% -ы тәуелсіздік жылдары жүзеге асты. Осылайша, 185 мың отбасы өздерінің тұрғын жайын жақсартты. "Қол жетімді баспана -2020"бағдарламасы бойынша тағы да 10 мың пәтер салу жоспарлануда.

"Үстіміздегі жиналған қаржы көздері арқылы 1 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй іске қосылмақ. Олардың ішінде бюджет есебінен 222 мың шаршы метр үй салынады, бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт есе көп",- деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Осылайша 16 мың үлескердің 15 мыңының мәселесі шешілді. Бұдан өзге "Ескі үй" қалалық бағдарламасы қала бюджеті есебінен қолға алынды. Муниципалды облигациялар бойынша қалалық ипотекалық бағдарлама жүзеге аса бастады.

Салтанатты жиында Ахметжан Есімов еңбегі сіңген құрылысшыларға марапаттарды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны