07.09.2016, 22:25 8208

Алматыда жылдыӊ аяғына дейін 40-тан астам ғимаратты бірыӊғай нақышта декоративтік жарықпен нұрландыру жоспарлануда

Осы орайда еске сала кетейік, Мегаполисті архитектуралық жарықтандыру тұжырымдамасын жүзеге асыру шеӊберінде қаладағы ғимараттар, құрылыс-жайлар мен ландшафтты кешкі және түнгі уақытта нұрландырудыӊ бірыӊғай архитектуралық нақышын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр.

Алматы. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын және Алматы қаласыныӊ 1000 жылдығын тойлау шеӊберінде "Хабар" телевизиялық ақпараттық агенттігініӊ бұрынғы ғимаратын нұрландыру үшін декоративтік жарықты жағу рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Осы орайда еске сала кетейік, Мегаполисті архитектуралық жарықтандыру тұжырымдамасын жүзеге асыру шеӊберінде қаладағы ғимараттар, құрылыс-жайлар мен ландшафтты кешкі және түнгі уақытта нұрландырудыӊ бірыӊғай архитектуралық нақышын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр.

Қалалық әкімдік тұтастай алғанда жылдыӊ аяғына дейін 40-тан астам ғимаратты бірыӊғай нақышта декоративтік жарықпен нұрландыруды жоспарлап отыр, олардыӊ 35-і жаӊа декоративтік жарықпен нұрландырылып үлгерді. Бұл ғимараттарды архитектуралық ортақ стильде нұрландыру жобасы бюджеттен тыс қаражаттыӊ есебінен жүзеге асырылуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыны архитектуралық жарықтандыру тұжырымдамасы 6 ақпанда қала әкімініӊ қатысуымен өткен Қала құрылысы кеӊесініӊ барысында қабылданған болатын, осы тұжырымдамаға сәйкес, ағымдағы жылдыӊ аяғына дейін Алматыдағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Иуезов атындағы театр, Мемлекеттік цирк, ҚР ҰҒА, Офицерлер үйі, Қастеев атындағы мұражай, "Нұрлы Тау" бизнес орталығы, Жазушылар одағыныӊ ғимараты, Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚБТУ, "Алматы" қонақ үйі, Орталық әмбебап дүкен секілді 203 нысанныӊ кешкі сыртқы кескін-келбеті өзгереді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны